© Куәгерлер түсірген сурет[/caption]
Таулы аудандағы бұл төтенше оқиға көрші жатқан Шымкент қаласының Тоғыс елді мекенімен қоса Елтай ауылына да жетті. Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша салдарынан 60 тұрғын үйдің ауласын су басып, 3 шаруашылық нысан құлаған.
Қазіргі таңда төтенше жағдай департаменті күштерімен су сору жұмыстары жүргізіліп, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері арықтарды тазартуға атсалысып жатыр. 60 тұрғын үйдің 150-ге жуық тұрғыны туысқандарының үйіне көшірілсе, 150 тұрғын Тоғыс елді мекенінде орналасқан №120, №119 орта мектептеріне эвакуацияланып жатыр.
https://www.youtube.com/watch?v=ZeMG5zgREfM
Тұрғын үй аулаларындағы судың деңгейі 20-50 см-ді құраса, судың келу деңгейі 3-5 м.кубты құрауда.
https://www.youtube.com/watch?v=FFheu4Uae18
Шымкентте аталған аумақтағы төтенше жағдай салдарын жою үшін жедел штаб құрылды.
[caption id="attachment_43452" align="alignnone" width="1280"]
© Куәгерлер түсірген сурет[/caption]
Н. Назарбек.