COVID-19: Өткен тәулікте тағы 154 адамнан індет анықталған
COVID-19: Өткен тәулікте тағы 154 адамнан індет анықталған
Фото: Интернеттен алынды
175
оқылды
Қазақстандағы 2020 жылғы 13 мамырдағы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 154 адам тіркелді (өсу қарқыны – 2,8%). Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қ. – 30 (2,7%), Алматы қ. – 50 (3,1%), Шымкент қ. – 5 (2%), Ақтөбе облысында – 8 (4,5%), Алматы облысында облысында – 7 (3,8%), Атырау облысында – 25 (5,8%), Шығыс Қазақстан облысында – 3 (5,8%), Жамбыл облысында – 1 (0,5%), Батыс Қазақстан облысында – 6 (2,3%), Қарағанды облысында – 4 (2%), Маңғыстау облысында – 8 (6,2%), Павлодар облысында – 1 (0,6%), Түркістан облысында – 6 (3,2%). Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 5 571 адам анықталды. Оның ішінде: Алматы қ. – 1678, Нұр-Сұлтан қ. – 1148, Атырау облысы – 457, БҚО – 272, Шымкент қ. – 250, Қызылорда облысы – 231, Қарағанды облысы – 204, Жамбыл облысы – 199, Түркістан облысы – 196, Алматы облысы – 190, Ақтөбе облысы – 184, Павлодар облысы – 155, Маңғыстау облысы – 138, Ақмола облысы – 110, Қостанай облысы – 68, ШҚО – 55, СҚО – 36.