Нұр-Сұлтан қалалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы және өзге де лауазымды тұлғалар мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.
Аталған басқарманы бүгінге дейін Нұрлан Уранхаев басқарып келгені белгілі. Алайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан хабарламада ұсталған шендінің аты-жөні көрсетілмеген. Агенттіктің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров оның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатқанын айтты.
«Ол жер учаскелерінің ривизиясына бөлінген ақшаны жымқыруға қатысты бар деген күдікке ілінді. Шамамен 20 миллион теңге ұрланған», - деді Биғайдаров.