Таразда үшем дүниеге келді
Таразда үшем дүниеге келді
222
оқылды
Жамбыл облысы Тараз қаласында үшем өмірге келді. Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында Тараз қаласының тұрғыны 33 жастағы Райхан Шахарбаева дүниеге үшем әкелді. Бұл оның екінші жүктілігі екен. Өмір есігін ашқан бір ұл және екі қыз жүктіліктің 33- аптасында кесір тілігі арқылы туған. Алғаш туғанда олардың салмақтары 2235, 1679, 1619 грамм болған. Бүгінгі күні үйіне шығарылған үшемнің жағдайлары жақсы. Күн санап салмақ қосуда. Бұл туралы анасы айтып берді.
«Аллаға шүкір, балаларымның жағдайы жақсы. Бұл біз үшін үлкен қуаныш болды. Жолдасым екеуміз мәз-мейрамбыз. Дәрігерлер ойдағыдай қарап, сәбилерімнің жағдайын жіті бақылауда ұстап отыр»,-дейді Р.Шахарбаева.
Айта кетейік, үшемнің әкесі Тараз металлургиялық зауытынды жұмысшы, ал анасы үй шаруасында.