Мақтааралда су басқан ауылдардан мыңға жуық мал өлексесі шығарылды
Мақтааралда су басқан ауылдардан мыңға жуық мал өлексесі шығарылды
308
оқылды
Мақтаарал ауданындағы су басқан ауылдарды тазалау жұмысы жүріп жатыр. Бұл жөнінде Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы ветеринариялық шараларды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Арман Тағаев мәлімдеді. рман Тағаевтың айтуынша, өңірде тасқын судың астында қалған мал өлекселері сыртқа шығарылып, арнайы пеште өртелуде. Зиянды қалдықтарды 1200 градус температуда өртейтін пеш Нұр-Сұлтан қаласынан жеткізілген. Бүгінгі күнге дейін су астында қалған ауылдардан 908 бас үй жануарының өлексесі шығарылды. Олардың ішінде 856 ұсақ мал болса, 39 ірі қара және 7 жылқы мен 6 түйе бар. Бас маманның айтуынша, өлген малдан тазартылған аумақтарды жағымсыз иіс пен зиянды қалдықтардан арылту үшін 219 тонна дәрі себіледі. Қазіргі таңда ол дәрілердің 100 тоннасы жеткізілген. Ауа райы қолайсыздық тудырмаса, 5 күн ішінде 4 миллион 188 мың шаршы метр аумақ дәріленеді деп жоспарланған.