COVID-19: Індетке шалдыққан 118 науқас анықталып, қайтыс болғандар саны 34-ке жетті
COVID-19: Індетке шалдыққан 118 науқас анықталып, қайтыс болғандар саны 34-ке жетті
Фото: Интернеттен алынды
95
оқылды
Қазақстандағы 2020 жылғы 14 мамырдағы сағат 23:59-дағы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал бойынша өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 118 адам тіркелді (өсім қарқыны – 2,1%). Оның ішінде: Ақтөбе облысында – 29 (15,8%), Қостанай облысында – 4 (5,9%), Қарағанды облысында – 8 (3,9%), Атырау облысында – 17 (3,7%), Ақмола облысында – 4 (3,6%), Батыс Қазақстан облысында – 7 (2,6%), Маңғыстау облысында – 3 (2,2%), Нұр-Сұлтан қаласы – 25 (2,2%), Шымкент қаласы – 5 (2%), Шығыс Қазақстан облысында – 1 (1,8%), Жамбыл облысында – 2 (1%), Алматы қаласы – 11 (0,7%), Алматы облысында – 1 (0,5%), Қызылорда облысында – 1 (0,4%). Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 5 689 адам анықталды. Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясынан 2 адам көз жұмды: 1958 жылы туған әйел адам (13 мамыр, 2020); 1977 жылы туған ер адам (13 мамыр, 2020). Қазақстан бойынша індеттен осымен 34 адам қайтыс болды.