Қазақстандағы 2020 жылғы 14 мамырдағы сағат 23:59-дағы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал бойынша өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 118 адам тіркелді (өсім қарқыны – 2,1%).
Оның ішінде:
Ақтөбе облысында – 29 (15,8%),
Қостанай облысында – 4 (5,9%),
Қарағанды облысында – 8 (3,9%),
Атырау облысында – 17 (3,7%),
Ақмола облысында – 4 (3,6%),
Батыс Қазақстан облысында – 7 (2,6%),
Маңғыстау облысында – 3 (2,2%),
Нұр-Сұлтан қаласы – 25 (2,2%),
Шымкент қаласы – 5 (2%),
Шығыс Қазақстан облысында – 1 (1,8%),
Жамбыл облысында – 2 (1%),
Алматы қаласы – 11 (0,7%),
Алматы облысында – 1 (0,5%),
Қызылорда облысында – 1 (0,4%).
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 5 689 адам анықталды.
Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясынан 2 адам көз жұмды:
1958 жылы туған әйел адам (13 мамыр, 2020);
1977 жылы туған ер адам (13 мамыр, 2020).
Қазақстан бойынша індеттен осымен 34 адам қайтыс болды.