Ұйықтап қалған полицейлер қызметінен кетті
Ұйықтап қалған полицейлер қызметінен кетті
311
оқылды
14 сәуір күні әлеуметтік желіде Қы­зылордада қыз­меттік автокөлік ішінде ұйықтап жатқан екі по­лиция қызметкері жайлы видео тараған болатын. Видео әлеу­меттік желі беттерінде кеңінен тал­қы­ланып, түрлі пікір тудыр­ды. Көп өтпей Қызылорда облыстық полиция де­пар­таменті бейне-жазбадағы екі полицейдің жұмыстан шығарылғанын хабар­лады.
– Аталған бейнежазба бо­йынша Қызылорда облысы по­лиция департаментінің Өзіндік қа­уіпсіздік басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізді. Жедел түрде департаменттің тәртіптік кеңесінде әдеп кодексінің та­лаптарын бұзған екі қызмет­кер­дің және оларға тікелей же­текшілік жасайтын басшылары­ның жауапкершілігі қаралды. Тәртіптік кеңес шешімімен Қы­зылорда қалалық полиция басқармасының жергілікті по­лиция қызметі бөлімінің па­трульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары ішкі істер органдары құра­мынан шығарылды. Сонымен қатар қызметкер­лердің тікелей бас­шы­ларына қатаң тәртіптік жаза қолданылды, – деп мә­лімдеді облыстық полиция департаменті.
Бұл қызметтік көлікте ұйық­тап қалып, қоғам наразылығын тудырған алғашқы полиция қыз­меткерлері емес. Осыған де­­йін мұн­дай жағдай Ақтөбе мен Өс­ке­мен қаласында да тір­кел­ген еді.  

Мадияр ТӨЛЕУ