Нұр-Сұлтанда коронавирустан көз жұмған пациент дәрігер болып істеген. Бұл туралы елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
"1958 жылы туған дәрігер қайтыс болды. Ол жекеменшік медицина ұйымында қызмет еткен. Зейнетке шықса да, жұмыс істеп жүрген ", - деп мәлімдеді басқармадан.
Бұған дейін 13 мамырда астанада індетке шалдыққан екі науқас көз жұмғаны хабарланған еді: 1958 жылғы әйел және 1977 жылғы ер адам.
Қазақстанда коронавирустан барлығы 34 адам қайтыс болды.