14 жастан 29 жасқа дейінгі қазақстандықтар патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін "Елбасы медалі" ерекшелік белгісімен марапатталады. Премьер-министр Асқар Мамин тиісті қаулыға қол қойды, - деп хабарлады sputniknews.kz.
Үкімет "Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 24 сәуірдегі №249 қаулысына өзгеріс енгізді.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кімдер марапатталады
"Елбасы медалі" ерекшелік белгісі 14 жастан 29 жасқа дейінгі балалар мен жастарға патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін беріледі. Жеңімпаздар "Елбасы медалі" ерекшелік белгілерінің үш түрімен наградталады: қола, күміс және алтын.Қола медаль кімге табысталады
"Елбасы медалі" қола ерекшелік белгісімен алты ай ішінде мына талаптарды орындаған 14 жастан асқан қатысушылар марапатталады:- "Спорт және физикалық даму", "Таланттар мен дағдылар" және "Волонтерлік" бағыттар бойынша – үш ай бойы аптасына кемінде бір сағат айналысу;
- "Кітап оқу" бағыты бойынша – барлық үш бөлімнен кемінде үш кітап, оның ішінде "Қазақ әдебиетінің алтын қоры" бөлімінен бір кітап оқу;
- "Ұлттық мұра" бағыты бойынша – үш ай бойы аптасына кемінде бір сағат оқу не "Қазақ әдебиетінің алтын қоры" бөлімінен қосымша бір кітап оқу;
- "Туристік жорықтар" бағыты бойынша – екі күндік экскурсиялар.
Күміс медальмен кім марапатталады
"Елбасы медалі" күміс ерекшелік белгісімен он екі ай ішінде мынадай талаптарды орындаған 15 жастан асқан қатысушылар марапатталады:- "Спорт және физикалық даму" және "Таланттар мен дағдылар" бағыттары бойынша – бір бағыт бойынша үш ай және басқа бағыт бойынша алты ай (таңдауы бойынша) ішінде аптасына кемінде бір сағат;
- "Волонтерлік" бағыты бойынша – алты ай бойы аптасына кемінде бір сағат;
- "Кітап оқу" бағыты бойынша – барлық үш бөлімнен кемінде алты кітап, оның ішінде "Қазақ әдебиетінің алтын қоры" бөлімінен екі кітап оқу;
- "Ұлттық мұра" бағыты бойынша – үш немесе алты ай бойы аптасына кемінде бір сағат не "Қазақ әдебиетінің алтын қоры" бөлімінен қосымша бір кітап оқу;
- "Туристік жорықтар" бағыты бойынша – үш күндік экскурсиялар.
Алтын медальды кім алады
"Елбасы медалі" алтын ерекшелік белгісімен он сегіз ай ішінде мына талаптарды орындаған 16 жастан асқан қатысушылар наградталады:- "Спорт және физикалық даму" және "Таланттар мен дағдылар" бағыттары бойынша – бір бағыт бойынша алты ай және қатысушының таңдауы бойынша басқа бағыт бойынша тоғыз ай бойы аптасына кемінде бір сағат айналысу;
- "Волонтерлік" бағыты бойынша – бір жыл бойы аптасына кемінде бір сағат;
- "Кітап оқу" бағыты бойынша – барлық үш бөлімнен кемінде тоғыз кітап, оның ішінде "Қазақ әдебиетінің алтын қоры" бөлімінен үш кітап оқу;
- "Ұлттық мұра" бағыты бойынша – алты немесе тоғыз ай бойы аптасына кемінде бір сағат не "Қазақ әдебиетінің алтын қоры" бөлімінен қосымша бір кітап оқу;
- "Туристік жорықтар" бағыты бойынша – төрт күндік экскурсиялар;
- "Еңбек практикасы" бағыты бойынша – кемінде бес күн өту.