Елордада балабақшаларға 3 мыңға жуық орынға қосымша білім беру тапсырысы орналастырылады
Елордада балабақшаларға 3 мыңға жуық орынға қосымша білім беру тапсырысы орналастырылады
© siberian-tiger.ru3
173
оқылды
Биыл 1 шілдеден елордада жеке балабақшаларға қосымша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мәлім етті. «1 шілдеден бастап жергілікті бюджеттен жеке балабақшаларға 2 856 орындық мемлекеттік білім беру тапсырысын белгілеу жоспарлануда», - деді Ш. Қадырова онлайн баспасөз мәслихатында. Бұдан бұрын хабарланғандай, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім беру ұйымдарына қабылдауға құжат тапсыру жеңілдетілгенін айтты. «Биыл біз балаларды балабақшаларға қабылдау ережелеріне өзгерістер енгіздік. Енді ата-аналар кезекке қою қызметін тек білім беру бөлімінің кеңсесі арқылы ғана емес, сондай-ақ өз бетімен «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімдері немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асыра алады. Бұл ретте көптеген құжаттарды жан-жақтан жинау қажет болмайды», - деді министр.