18 мамыр күні Жамбылда карантинді жеңілдетудің үшінші кезеңі басталады
18 мамыр күні Жамбылда карантинді жеңілдетудің үшінші кезеңі басталады
© Сурет Бауыржан Жуасбаевтікі
120
оқылды
18 мамырдан бастап Жамбыл облысында карантин режимін жеңілдетудің келесі кезеңі жоспарлануда, – деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты. 18 мамырдан бастап Жамбыл облысында карантиндік шараларды жеңілдетудің үшінші кезеңі көзделуде. Тиісті шешімді облыстың жедел штабы коронавирусқа қатысты ахуал тұрақтанған жағдайда қабылдайтын болады. Бұл туралы ресми сайтқа обыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Атап айтсақ, шаштараздар мен сұлулық салондарының (алдын ала жазылу бойынша), сыйымдылығы 30 адамнан аспайтын шағын мейрамханалар мен дәмханалардың, қоғамдық тамақтандыру орындарының ашық ауада жұмыс жасайтын жазғы алаңдары, азық-түлік сауда нысандары мен базарлардың жұмысын қайта жандандыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, жедел штаб отырысында қазіргі таңдағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, басқа да коммерциялық және әлеуметтік нысандар сияқты қоғамдық көліктердің жұмысын қалпына келтіру мәселесі қаралады» делінген хабарламада. Сондай-ақ, олардың қызметін қалпына келтірудің міндетті шарты - санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау. Жедел штабтың нақты шешімі туралы 18 мамырда облыс тұрғындарына бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы хабарланады.