Тұрғындар қауіпсіз аумаққа көшірілді
Тұрғындар қауіпсіз аумаққа көшірілді
192
оқылды
Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев  Төлеби ауданында тасқын судан зардап шеккен тұрғындар орналасқан №8 колледжге барып, көпшіліктің жағдайымен танысты. Қазіргі кезде селден эва­куа­цияланған 77 азамат Лен­гер қаласындағы №8 кол­­ледж ғимаратына уақыт­ша ор­­­наластырылған. Тұрғын­дар­ға қа­жетті заттар дер кезінде жет­кізі­ліп, медицина маман­дары тәулік бойы қызмет көрсетуде. Сондай-ақ олар оқу орнының асха­на­сынан үш мезгіл тамақ­тану­да. – Партия тарапынан қан­дай да көмек болса, бірінші ке­­­зекте сіздерге көрсетіледі. Сон­дықтан табиғат апатынан зар­дап шеккен ағайындарды са­бырға шақырамыз. Жетекші пар­тияның облыстық филиалы ау­дан әкімдігі, жергілікті мәслихат депутаттарымен бірлесіп, бұл қиындықтан шығу үшін жұмыс істеп жатыр, – деді Б.Тәжібаев.    width= Сондай-ақ Бейсенбай Дәу­летұлы Nur Otan партиясының Төлеби аудандық филиалының тө­тенше жағдай кезіндегі жұ­мы­сын бақылады. Бүгінде ау­­дандық филиал өңірдегі кә­сіп­кер азаматтарды жұмыл­ды­рып, төлебиліктерге ба­рын­­ша көмектесіп жатыр. Атап айт­­қанда, аудандық спорт ке­шенінде партия баста­ма­сы­мен апаттан зардап шеккен от­­басыларға азық-түлік, тұр­мыс­­тық тұтыну бұйымдары үлес­тірілді. Соңғы ақпарат бойынша, Төлеби ауданындағы өзендердің су деңгейінің көтерілуінен 6 ел­ді мекендегі 260 тұрғын үйдің ау­­ласына су кірген. Бүгінде тұр­ғын­дардың барлығы қауіпсіз ау­маққа кө­шірілді.  

А.ЖАСАНҰЛЫ