Карантин қаусатқан кәсіп
Карантин қаусатқан кәсіп
204
оқылды
Қазақстанда постпандемиялық заман бастал­ға­ны­ның бір белгісі валюта айырбастау бекеттерінің ал­дында кезек жоқ. Төтенше жағдай кезінде мем­комиссия шешімімен олардың бәрі жабылды. Аза­маттар теңгесін валютаға банктердің ұялы қо­сым­ша­сы арқылы ауыстыруға үйренді. Төтенше жағ­дай күші жойылды, оның алдында мемкомиссия айыр­бас пункттеріне қайта ашылуға рұқсат етті. Алайда олар­­дың көбі жұмысқа қайта кіріспеді. Неге? Бірқатар сарапшы «каран­тин кезінде девальвация жүр­ге­нін» алға тартып, сондықтан қа­зіргі кезде халық қымбат дол­ларды алуға құлшынбай отыр­ғанын айтады. Шынында, АҚШ валютасының бағамы тө­тенше жағдайдан бұрын, биыл­ғы 16 наурызда 385 теңге­ден 440 теңгеге дейін көтеріліп шыға келген болатын. Сонда валюта айырбастау бекеттерінің (ВАБ) біразы сауданы өздері-ақ тоқтатып, жабыла бастады. Бұл үдеріске төтенше жағдай ке­зеңін­дегі шектеу шаралары сер­пін берді. Нәтижесінде, Қазақстанда қол­ма-қолсыз төлемдер, соның ішін­де электронды түрде валю­та айырбастау 3 есе өсімге қол жет­кізіп отыр. Осылайша, COVID-19 пандемиясы және оны­мен күрес аясындағы қатаң шек­теу шаралары еліміздің cashless-экономикаға қарқын­ды түрде көшуіне ықпал етті. Айыр­бас пункттері жабық бол­са, көшедегі қозғалысқа тос­қауыл қойылып, үйден шығуға рұқ­сат етілмесе, азаматтардың электронды әлемге жүгінуден басқа амалы қалмайды. Мәселен, Қазақстан қар­жы­герлері қауымдастығының мә­ліметінше, 2020 жылғы ка­ран­тин айында қолма-қолсыз, карта арқылы төлемдер мен ау­дарымдар 2 триллион 146,7 мил­лиард теңгеге жетті. Өткен жылғы бір айда – наурызда бұл көр­сеткіш 777,2 миллиард тең­ге болғанын ескерсек, одан 2,8 есе­ге артып отыр.  

Айырбас жоқ, орны бос

ВАБ қызметі бірінші рет 30 наурыздан 5 сәуірге дейінгі ара­лық­та Үкімет қаулысымен уақыт­ша тоқтатылды. Кейін шектеу мер­зімі ұзартылды. Бұл тыйымға банк­тердің ішіндегі айырбастау бе­кеттері де ілікті. Бірақ одан ком­банктер қинала қойған жоқ: валютаны өз ұялы қосымшалары ар­қылы сатуын жалғастырды. Ал же­ке кәсіпкерлер қолындағы айыр­бас пункттері үшін бұл жой­қын соққы болды: олардың не сайты, не барынша қорғалған төл ұялы қосымшасы жоқ еді, бай-бақуатты заманда олар бұған бас қа­тырмаған, осындай заман туа­рын ойластырмаған, дайын отыр­ма­ған. Бұл ретте рейтингі басқа шауып, төске өрлеп келген kurs.kz секілді мамандандырылған пор­талдар айырбастау бекеттері мен оның клиенттеріне валю­та баға­мын көрсетуден басқа еш­қандай заманауи қызмет ұсына ал­май­тыны белгілі болды. Нәти­жесінде, тө­тенше жағдай кезінде көп­те-ген биз­несмен одан шығып ке­тіпті. Мемлекеттік комиссия 29 сәуір­­дегі шешімімен бұрын «қа­ты­рылған» бірқатар саланы «жі­біт­ті». Соның қатарында ВАБ-тар 4 мамырдан бастап қысқа жұмыс кү­ніне – таңғы 10.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істеуге көшірілді. Әйт­се де, ірі қалаларда олардың кө­бі қайта ашылмағанын тұр­ғын­дар байқап жүр: табло сөндірулі, кейбірінің орынжайлары бос қал­ған, бәзбір ғимарат саудаға қойыл­ған не арендаға беріледі. Қазақстан валюта айырбастау қауым­дастығының президенті Ар­шын Ғалымбаев «олардың бәрі банкрот болды» деп байлам түюге асық­пауға шақырды: 4 мамырда рұқ­сат берілісімен олардың біра­зы кассаларын іске қосты. Ал жұ­­мы­сын бастап кете алмаған­дары со­ның жолын іздестіруде екен. Сарапшы Ұлттық банктің жаңа талаптары сала ойыншы­ла­рына зор ауыртпалық түсіргеніне назар аудартты: 2020 жылдың қаң­тарынан бастап күшіне енген ереже бойынша Нұр-Сұлтан, Ал­маты және Шымкент қалала­рын­да қызмет ететін әрбір айырбастау пунк­ті биылғы 1 сәуірден бастап ең төменгі жарғылық капиталын 100 миллион теңгеге дейін көтеруі керек. Қарапайым тілмен айт­қан­да, осы кәсіп иесі әрбір нысан үшін 100 миллион теңгені банк­тер­дегі арнайы есепшотта ұстауы ке­рек. Егер заң бұзса, қайшы әре­кеттері анықталса, салығын уа­қытылы төлемесе, салықшылар жә­не қаржылық реттеуші оның осы капиталына қол салып, бұ­ғат­тайды. «Бұқаға туған күн бұзауға да туа­­ды» демекші, өңірлердегі «айыр­­басшылар» да үш мега­по­лис­тегі әріптесінің кебін киюі мүм­кін: 1 шілдеден бастап басқа бар­лық елді мекендердегі айыр­бас­тау бекеттері жарғылық капи­та­лының ең кемі 50 миллион тең­ге көлемінде болуын қамта­ма­сыз етуі тиіс. Әйтпесе, жаппай жа­­­­­былады.    width= – Қалай болғанда, бірқатар айыр­басшылардың карантиннен кейін дер кезінде ашыла алмауы­ның негізгі себебі де Ұлттық банк­тің жаңа талабының салдары бол­са керек. Олар белгіленген мер­зімде, яғни сәуір айының ба­сы­на дейін қажет етілген соманы та­ба алмады. Бизнесте бар қаржы істі өркендетуге салынады ғой. Тиісінше, олар қызметін уақытша тоқ­татып, жетпейтін соманы жә­не инвесторды іздеумен айна­лы­су­да. Пандемиямен күрестің тө­тен­ше шаралары жүзеге асы­ры­лып жатқандықтан мемлекет олар­ды жазаламайды, – дейді Ар­шын Ғалымбаев. Салалық бірлестік басшысы нә­сібін осы кәсіптен тауып жүр­ген кәсіпкерлерге мемлекет еш­қан­дай қаржылық қолдау жаса­мағанын, қандай да бір салықтық жеңілдіктер мен преференциялар ұсынбағанын жеткізді. Өйткені бұл ел үшін стратегиялық маңыз­ды сала саналмайды. Бірқатар бизнес өкілі банкке жү­гініп, несиені өтеу мерзімін кейін­ге қалдыру мүмкіндігін пай­даланған екен. «Бизнестің бұл секторы шы­нын­да күрделі уақытты бастан өт­керуде. Жалға алу мәселесі күн тәр­тібінде өткір тұр: ВАБ-тың ба­сым көпшілігі жалға алынатын алаң­да жұмыс істейді. 1 айдан ар­тық кіріс көрмеді, ал қожайын­дары толыққанды жалдау ақысын төлеуді талап етеді. Олармен к­ә­сіпкерлер өз бетінше мәмілелесіп, жеңілдік алуға не ақыны төмен­дету­ге тырысып жатыр. 50 пайыз­ға дейін түсірте алғандары бар. Де­генмен күзет фирмаларымен ке­лісу мүмкін болмай шықты: олар карантин кезінде де мүлікті қорғау қызметін көрсеткенін алға тар­тып, ақысын төмендетуден бас тарт­ты. Құқық қорғау органдары­ның күшейтілген режимде қызмет атқарып, қарақшылық шабуыл мен мародерлікке жол бермегені на­зарға алынбайды. Осы мә­се­лелердің барлығы қызметімізге те­ріс ықпал етуде», – деді Аршын Ғалымбаев.  

Салада қанша кәсіпкер қалды?

Бұл бизнес – жыл сайын даму ор­нына кері кетіп, құлдырап келе жат­қан секторлардың бірі. Он­да­ғы ахуал мына статистикалық са­лыстырудан байқалады: 2019 жыл­ғы 1 желтоқсанда Қазақстанда 2 642 валюта айырбастау бекеті бо­лыпты. Оның көбі 1 656 банк­тің меншігінде. «Қаз­пош­та­ның» еліміз бойынша 233 ВАБ-ы бол­ды, олар негізінен пошта ғи­ма­раттары ішінде орналасқан. Сон­да республикада 753 айырбас пунк­ті ғана жекеменшік болып есеп­теледі. Ұлттық банктің дерегінше, 2020 жылғы 1 сәуірде Қазақстанда 2 560 бекет қалған. Банктердің валю­та сату орындары 1 660-қа дейін көбейген. «Қазпошта» АҚ-ы да біреуге арттырды. Жеке ВАБ-тар керісінше 666-ға дейін кемі­ді. Бірақ оның қаншасы алда жұ­мысын жалғастырары белгісіз. Сарапшылар бұл бизнес тү­рі­нің болашағына күмәнмен қа­рай­ды. Мысалы, Қазақстанда қолма-қол ақшамен есептесу көлемін күрт шектеу ұсынылып отыр. Ал айыр­бастау бекеттері шытырлаған ақша алып келетін клиенттерге иек артатыны мәлім. Өткен жылы Тұңғыш Пре­зи­дент Қоры жанындағы Әлемдік эко­номика және саясат инс­ти­ту­ты отандық сарапшылар тобы­мен, сондай-ақ Whiteshield Partners Еуразия өңірі бойынша бө­лім­шесімен тізе қоса отырып, «Қа­­­зақстанның макроэ­коно­ми­ка­лық иммунитеті» атты зерттеуге кі­ріскен болатын. Оның нәти­же­лері жақында, 6 мамырда жария етілді. Сарапшылардың ұсыным­да­рының бірі – қолма-қол ақша­мен есептесуге, тиісінше банко­мат­тардан ақша алуға шектеу ен­гізуді қарастырады. «Көлеңкелі транзакциялар дең­гейін қысқарту үшін ІТ ше­шім­дерді пайдалану, салықтарды төлеу және есепке алудың қолай­лы онлайн сервисін құру, сондай-ақ қолма-қол ақшамен жүретін операциялар сомасына шектеу ен­гізу ұсынылады» делінген зерт­теу ұсынымында. Сарапшылар мұндай шектеу Еу­ропалық Одақтың көптеген дамыған елдерінде бар екеніне сіл­теме жасайды: мысалы, Фран­цияда 2015 жылдан бері 1 мың еуродан артық сомада қолма-қол­сыз есеп айырысуға жол беріл­мей­ді. Бұл талапты бұзғандар 3 мың еуро айыппұлмен жаза­ла­на­ды. Испанияда ұқсас шектеу 2,5 мың еуроны, Италияда 3 мың еу­роны құрайды. Рас, Франция мен Испанияда шетелдік қо­нақ­тар мен туристерге бұл шектеу жұм­сартылған: оларға 15 мың еу­ро­ға дейін соманы банкоматтан алып, осынша көлемде қолма-қол сауда-саттық жасауына бо­ла­ды. Қалай болғанда, валюта алып­сатарларына не онлайн кон­вер­тацияға көшуіне, болмаса бағын бас­қа саладан іздеуіне тура келе­тін­ге ұқсайды.  

Елдос СЕНБАЙ