Қордайдағы тіл түйткілі
Қордайдағы тіл түйткілі
236
оқылды
Қордай қақтығысы бүгін бо­­лып, ертең ұмытылар қор­қы­­­нышты түс емес. Сол бір ақ­­­­пандағы жұрттың көз жасы  мен балалардың шырылы та­лай ­санада әлі күнге жаңғырып тұр. Десе де, Үкімет қолдан кел­генше қираған дүниелерді қал­пына  келтіріп, тұрғын­дар­дың тұрмысын түзеуге күш салу­да. Әрине, бүлінген бү­тін­де­лер. Алайда халықтың ру­ха­ни санасына қалай серпін бе­реміз?  Жанжал отын бір­жо­ла сөндіру үшін не істемек ке­рек? Бұл тұрғыда көп сарапшылар «Қордай қақтығысы ұлттар ара­сындағы араздықтан туған дүмпу» деп баға берді. Бұл тек дүнген мен қазақ арасындағы емес, тіл мен таным төңірегіндегі текетірес де­­­­гендер де ойын ашып айтты. Қа­­зақ тілі ағайын арасында ғана емес, мектеп қабырғасында да құр­меттелмейтінін қордай­лық­тар­дың өзі жеткізді. Шындығында, бәрі со­лай ма? Ең әуелі жалпы Қордай ау­да­нындағы жағдайға тоқталсақ. Атал­ған ауданда бүгінде 48 мектеп жұ­мыс істеп тұрса, оның 21-і – қазақ, 5-і – орыс және 21-і аралас­тіл­ді мектептер. Онда 30 462 оқу­шы білім алып жатса, 17 922 бала қа­зақ тілінде, 12 540 оқушы орыс ті­лінде сауатын ашуда. Аудан ме­к­тептерінде 2 743 мұғалім ұр­пақ тәрбиесімен айналысып жат­са, қақтығыстар орын алған Ма­сан­шы, Сортөбе, Аухатты, Қарасу, Қа­­ракемер ауылдық округтеріндегі 16 мектепте 1 045 ұстаз тәлім беру­де. Міне, осы 1 045 мұғалімнің 505-і қазақ болса, 456-ы дүнген. 37-і орыс және 47-і басқа ұлттың өкіл­дері. Байқап отырсаңыздар, қа­зақтілді мұғалімдер ауыл мектеп­теріндегі ұстаздардың 48,3 пайызы, яғни жартысына да жетпейді. Тағы бір статистиканы сөй­лет­сек, жоғарыда аталған бес ауылдағы 16 мектептің 7-і қазақтілді болса, 3-і орыстілді, ал 6-ы аралас тілде жұ­мыс істейді. Онда 12 274 оқушы бі­лім алып жатса, оның 4 189-ы ға­на қазақ тілінде хат таниды. 8 085 бала орыс тілінде тәрбиеленуде. Бұл мектеп оқушыларының 65,9 пайы­зын құрайды. Бұл аз десеңіз, об­лыс әкімдігі білім басқармасы бер­ген ақпаратқа сүйенсек, бас­тауыш сыныптардың 130 пе­да­гогі мемлекеттік тілді мүлде біл­мейді. Ал балабақшалардағы 44 тәрбиелеуші қазақ тілінде әріп та­нымайды. Мұндай жағдайда мем­лекеттік тіл туралы сөз қозғаудың өзі артық шығар. Тұтас аудандағы 48 мектептің 21-і ғана қазақ тілін­де қызмет көрсетіп жатқанда, Ма­саншы, Сортөбе, Аухатты, Қа­расу, Қаракемер ауылдарынан не үміт күтсек болады? Ұрпақ тәр­­биесі сеніп тапсырылған ұс­таз­дардың өзінің жартысынан кө­бі мемлекеттік тілді менсінбей отырса қайтеміз? Білім басқармасының маман­дары №7, 9, 12, 16, 17, 19, 45, 48 жә­не 50-ші мектеп оқушыларының ата-аналарымен сөйлесіп, қазақ сыныптарына ауыстыру туралы тү­сіндірме жұмыстары жүргізіліп жат­қанын айтады. Сондай-ақ 2020-2021 оқу жылында 1-сы­нып­қа келетін 1 516 оқушы қазақ сы­ныптарын таңдайды дегенге сала мамандары үміт артып отыр. Әрине, «үмітсіз шайтан ғана» екені түсінікті. Алайда көзін аш­­­қаннан дүнген немесе орыс ті­лінде тәрбиеленген баласын ата-ана қазақ сыныбына береді де­генге сену қиын. Оған қоса, бұл тұста әке-шешенің де жүрегі шай­лығып қалғаны рас. Нақтырақ айтсақ, Қордай қақтығысынан кейін мектептердегі біраз бы­лық­тар бетке қалқып шықты. Мәселен, аралас мектепте дүнген ұлтты оқушылар қазақ қызына әжетханада жасаған әлімжеттілігін естіп, жаға ұстадық. Сондай-ақ мек­теп ұстазын дүнген ұлтты аза­маттар білім ордасының қа­бырғасында ұрып кеткенін Үкі­меттік комиссия мүшелерінің өз­дері айтты. Одан бөлек, мектепке келмей қойған балаларға мұғалім егістік басына барып сабақ беруге мәжбүр болғанын да естіп, не жыларымызды, не күлерімізді біл­медік. Тізе берсек, мұндай фак­­тілер жетерлік. Осы жайттың бә­рін естіп отырған өзге ұлтты ата-ана баласын қазақтілді мек­тепке немесе сыныпқа оқуға бере ме? Түптеп келгенде, Қордай қақты­ғысынан кейін балалардың да психологиясы бұзылған жоқ па? Ертең қазақ пен дүнген бір партада оты­рып білім ала ала ма? Егер пат­риоттық рухты былай қойып, шындыққа тіке қарайтын болсақ, бұл – өте қиын жағдай. Естеріңізде болса, осыдан үш ай бұрын Қордайда құрылған «Қо­­­ғамдық келісім кеңесі» қақ­ты­ғыс орын алған ауылдарды ауыз­бір­ші­лікке шақырып, тіл саясаты мен ұлттық рух төңірегінде ауқымды шаруалар жүргізуі керек болатын. Алайда кеңес төрағасы Әбдібек Сейіл­ханов бастаған кеңес мүше­лері ауылдарды аралап, бірлі-жа­рым тізім жүргізіп, қолдау бол­ма­ған­нан кейін бәрін қойған. Кейін жанданған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы да ұлттық идео­логияны көтеру бағытында жұ­мыс істеуі тиіс еді. Алайда оның да атқарған жұмысы толық кө­рінбейді. Мұндайда қайтпек ке­рек? Бұл сауалмен ономастика са­ласының маманы, тіл жанашары Зиба Құламановаға қайырылған едік. – Біріншіден, неге біз осы «ара­лас» деген сөзден арыла ал­май жүрміз? «Смешанныйдан по­­­мешанный шығады» деген ұғым бар. Біз сыртқы күштердің әсе­рінен ұлттық тілі жоғалып, шұ­барланған ел емеспіз ғой. Қа­зақтың тілімен қатар тарихы те­рең­де. Осылай бола тұра біз неге ба­­­лаларымызды аралас мектепте оқы­тып, дүбәра күй кешудеміз? Жа­райды, орыс мектептері қалсын дейік, ал аралас мектептердің қа­жеті қанша? Сонда біз әлі күнге өз тарихымыз бен тілімізді таласқа қоятын елміз бе? Екіншіден, қанымызға сің­ген қонақ­жай­лылықпен бәрін өзі­міз­дей кө­­реміз. Он қазақ отырып, бір өз­ге ұлт өкілі келсе, орысша сай­­рай­мыз. Оған арланбаймыз да. Ке­­рі­сінше, орыс тілде сөйлегенді мақ­­тан тұтып, жат тілді білмеген қан­­дастарымызды кемсітеміз. Сон­­дай-ақ орыс және аралас мек­теп­терге жылдар бұрын кезекке тұрып, баламызды сонда оқытуға ты­­рысамыз. Себебі бұл бүгінгі қа­зақ үшін мақтаныш. Үшіншіден, кеселді көре тұра күрес­пейміз. Соңғы онжылдықтың басында елімізде 2011-2020 жылға ар­налған мемлекеттік тілді дамыту бағ­дарламасы жанданғанын жұрт жақсы біледі. Сол кезде Ел­­­басы «тоғыз жылдың ішінде қа­­­зақстандықтардың 95 пайызы мем­лекеттік тілді жетік меңгеруі керек» деп талап қойған болатын. Алайда қазір 95 пайыз емес, ала­қан­дай Қордай ауданындағы бес ауылды қазақша сөйлете алмай отыр­мыз. Төртіншіден, халыққа қызмет көр­сету мекемелерін толықтай қа­зақ тіліне көшіре алмадық. Қа­рапайым дүкенге барып, өзге ұлт өкілінен нан бағасын сұрай ал­маймыз. Ол сені түсініп тұрса да, қа­зақ тілінде жауап қайтармайды. Шір­кін, егер мемлекеттік тілді мең­­гермегендерді жазалаудың бір те­т­і­гі табылса, бәрі басқаша болар ма еді? Бесіншіден, бізге қазір батыл қа­дамдар қажет. Ең әуелі Қордай ау­данындағы Масаншы, Сортөбе, Ау­хатты, Қарасу, Қаракемер сынды ауыл­дарды толықтай қазақтандыру ке­рек. Ол үшін алдымен орал­ман қандастарымызды сол ай­мақ­­­­қа жаппай көшірсек, ұтым­­­ды шешім болмақ. Ал өзге ұлт өкілдерін бір жерге шо­ғыр­лан­дыр­май, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, өзге өңірлерде жұмыс істеуіне мүм­­кіндік туғызу қажет. Ал олар­­дың орнына мемлекеттік бағ­дар­ла­малар арқылы қазақтілді жас ма­мандарды көптеп жіберген жөн. Егер осылайша жергілікті жұрт­шылықтың 60 пайызын қа­за­қыландыра алсақ, ертең жер мен су атауларын да қазақшалап, ұлттық болмысты қайта тірілтуге бо­лады. Бәлкім, мемлекеттік ме­ке­мелерде отырған өзге ұлтты м­а­мандарды да ротациялық жүйе ар­қылы алмастырып, қазақы ортаны көр­сету керек шығар? Әрине, мұның бәрі бірден бола салмайтыны белгілі. Алайда «көш жүре түзелетінін» ескерсек, қазір көшті қозғайтын кез келді. Бұл ең бірінші бір-бірімен жанжалдасып жатқан дүнген мен қазақ ұлтының өздері үшін тиімді, – дейді тіл жа­на­шыры. Иә, маманның сөзінің жаны бар. Қазіргі таңда бізге батыл ша­­­­­ралар қажет. Күні кеше Жам­был облысының әкімі Бердібек Са­­­парбаев Шу ауданына жұмыс са­парымен барғанда жол құры­лы­сын жүргізіп жатқан қытайлық ком­пания кеңсесіндегі маңдайша жазу­лары қытайша тұр­ғанын қа­таң сынға алған бо­латын. Мі­не, осы секілді Қордайды да қа­за­қыландыруда батыл да, бағдарлы ұстаным керек. Рас, қазір Қордай ауданында мем­лекеттік тілді білмейтін мұ­ға­­лімдер мен балабақша тәр­бие­шілерін қазақ тілі курстарынан өт­кізіп жатыр. Біз неге осыны қа­зір байқадық? Олар отыз жыл бойы мемлекеттік тілді меңгермей қайда жүрді? Неге бұл мәселеге ен­ді көңіл бөліп жатырмыз? Мем­лекеттік тілге мән беру үшін мін­детті түрде жанжал тууы керек пе еді?    width=     Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы