Денсаулық сақтау министрлігі биылғы 7 қаңтардағы жағдай бойынша Қытайдан келген қазақстандық және шетелдік азаматтардың жай-күйі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінге дейін жалпы 123 адам ауруханаға жатқызылды. 92 адам үйлеріне қайтарылды, 31-і ауруханада жатыр. Науқастардың жағдайы жақсы. Ухань қаласынан эвакуацияланған біздің азаматтар туралы айтар болсақ, Қазақстан Республикасына жеткізілген 83 азаматтың 13-інде қазіргі таңда дене қызуы жоқ. ЖРВИ белгісімен емделуін жалғастыруда», - деді бүгін өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
Оның айтуынша, Уханьнан эвакуацияланған Беларусь Республикасының – 5, Арменияның 1 тұрғынының жағдайы жақсы.