Бірнеше облыста ауа райы бұзылады
Бірнеше облыста ауа райы бұзылады
фото: ашық дереккөз
132
оқылды
Еліміздің жеті өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды "Казгидромет" РМК орталығы. 17 мамырда Маңғыстау облысында түнде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ жауып, дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысып, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ақтау қаласында 17 мамырда түнде күн күркірейді, оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз жел екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында және Петропавлда күн күркірейді. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метр болады. 17 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Ал  Ақмола облысында таңертең және күндіз күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз секундына 15-20 метр болады. Көкшетауда 17 мамырда күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.