Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 5 млн-ға жуықтады
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 5 млн-ға жуықтады
фото: ашық дереккөз
99
оқылды
Әлем бойынша коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны 4 млн 634 мыңнан асады. Сондай-ақ, 311 731 науқас осы індеттен көз жұмған. Жазылып шыққандар саны  1 млн 800 мыңнан асады.  Науқастардың саны бойынша алғашқы ондықта АҚШ, Испания, Ресей, Ұлыбритания, Бразиялия, Италия, Франция, Германия, Түркия мен Иран тұр. Десе де соңғы кездері әлемде тіркелген жаңа науқастардың саны азаюда. Елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 307 адам тіркелді, біздегі өсім қарқыны – 5,2%. Осылайша Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 6157 адамға жетті. Жазылғандар - 2980, осы індеттен мерт болғандары саны 34.