Елорданың Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев қызметінен кетті.
Өзінің айтуынша, ол басқа қызметке ауысына байланысты Алматы ауданының әкімі ретіндегі қызметін тоқтатқан. Ол бұл лауазымда 3,5 жыл еңбек етті.
«Күнделікті біз әріптестерімізбен ауданымызды жақсы жағынан көрсетуге тырыстық, халықпен кездестік, аудан аумағын жұмыс бабымен араладық, іс-шаралар өткіздік. Тұрғындармен жақсы байланыс орната алғанымды мақтан тұтамын, біз тұрғындарды мазалаған мәселелерді білдік және тұрғындардың қажетсінуіне сүйене отырып шешім қабылдадық. Осы уақыт ішінде тұрғындар алдында бірнеше мәрте есеп бердім, іс жүзінде тұрғындардың барлық өтінішін орындадым, бірақ олардың арасында шешілмеген біраз проблема қалды. Аппарат ұжымының жұмыс істейтініне және бұл мәселелерді шешетініне сенімдімін», - деп жазды Әділбек Сәрсембаев Facebook парақшасында.
Айта кетейік, Әділбек Сәрсембаев «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.