Балаларға базарлық
Балаларға базарлық
278
оқылды

Теледидарға телмірген балаларға арналған үлкен жобалар қолға алынуда. Сонын бірі – «Өзіңнен баста» жобасы аясында қазақ тіліне дубляждалған 30 фильм жарыққа шыққалы жатыр. Яғни, «Ойыншықтар хикаясы» анимациялық фильмі осы жылдың 20 маусымында жаппай прокатқа жол тартады.

Анимациялық фильм «Бола­шақ» корпоративтік қоры және «Меломан» компаниясының баста­масымен «Өзіңнен баста» жобасы аясында дубляждалған. Анимация астронавт Базз, ковбой Вуди, ит Слинки, тиранозавр Рекстің қызықты оқиғалары тура­лы баян етеді. «Дубляж кас­тин­гіне Нұр-Сұлтан мен Алматы­дан 50-ден астам актер қатысып, фильмнің басты үш саундтрегін белгілі қазақстандық әнші орындап шықты. Қазақ тіліндегі үш саундтректің екеуі іТunes қосымшасына шығады. Алғаш рет фильмге арналған әзілдерді қазақстандық «Көңілді тапқыр­лар» клубы бейімдегені де көңілге медеу. Анимациялық трилогиядан шыққан дебюттік фильм 1995 жы­лы үлкен экранға шыққан. «Ойыншықтар хикаясы – 4» ал­ғаш рет қазақ тіліне дубляж­далды. Онда Том Хэнкс, Энни Поттс, Тим Аллен, Кристина Хендрикс, Киану Ривз және Голливудтың басқа да актерлері қазақ тілінде сөйлейді», – дейді қордың ха­барламасын таратқан Қаз­Ақпарат. Қазақ тіліндегі дубляж режиссері – Назерке Лес­пек­қызы болса, аудармашы – Әсел Мамырова, мәтіндерді салу­шы – Гүлжан Сауыртаева. «Өзің­нен баста» – голливудтық фильмдерді қазақ тіліне көркем­дік дубляждау жобасы. 2011 жыл­дан бері «Болашақ» корпора­тивтік қоры және «Меломан» компаниясының бастамасымен жүзеге асып келеді. Әлеуметтік жоба, сондықтан коммерциялық мақсатты көзде­мейді. Жобаның арқасында бүгінде 100-ден астам отандық актер Walt Disney Pictures дауыстық базасында тұр. Қазақ тілі Walt Disney компания­сы­ның тарихында түрік тілінен кейін – 39-шы және Sony Pictures үшін – 7-ші орынға жайғасты. Шығыс Еуропа мен ТМД елдері үшін шығарылатын Blu-Ray-де көру үшін қолжетімді голливуд­тық фильмдердің 7 негізгі тілдеріне кірген.

Бұл уақытта Түркістан облы­сында «Түркістан» анимациялық фильмінің тұсаукесер рәсімі өтті. Жаңа­дан жарыққа шыққан туын­ды көрерменге Jas Túrkіstan – 2019 республикалық балалар шығар­ма­шылығы марафоны аясында көрсетілді.

Анимациялық фильмнің же­лі­сі Түркістан қаласында өрбиді және балаларға жеңіл тілде жет­кі­зіледі. Онда Қалқанқұлақ есімді баланың саяхаты арқылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қалай және қашан соғылғаны туралы баян­далған. Басты кейіпкер Түр­кі­станға барып, Тәуке ханмен кез­деседі. «Жеті жарғының» тари­хы­мен таны­сады. Балалық ерлік жасайды. Жалпы, оқи­ғаның же­лісі жас көрермен­дер­ге қы­зық­ты етіп түсірілген. «Біз бұл мульт­фильм­ді 4 айдың көлемінде дайын­дап шығардық . Енді бар­лық аудан-қалада балаларға тегін көрсете­міз. Сондай-ақ бірнеше арна­ларда көрсету жоспарымызда бар. Көрермендер бұл туындыны әлеуметтік желілер арқылы да көре алады», – дейді «Сақ» кино­сту­диясының дирек­торы Нұриддин Пәттеев.

Айта кетейік, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдар­ла­масы бойынша анимациялық фильм түсіруден Түркістан облы­сы республикада алдыңғы орын­ға шықты. «Сақ» киносту­дия­сы облыс әкімдігінің тапсырысымен жасөспірімдерге, балақайларға ел тарихын тануға, отаншыл бо­лып өсуді дәріптейтін анима­ция­­лық және көркем фильмдер түсір­­генін айта кету керек. «Оты­рар­ды қор­ғау», «Жетігеннің жеті сыры», «Киелі Қазығұрт», «Оқсыз оқиға­сы» сынды бірнеше анима­ция­лық фильмді жарыққа шыға­рып, балалардың ықыласына бөленді.

 

Нәзира БЕКТАСОВА