Мәскеу түбінде Ми-8 тікұшағы құлап, экипаж түгел қаза тапты
Мәскеу түбінде Ми-8 тікұшағы құлап, экипаж түгел қаза тапты
© Александр Рюминнің суреті
214
оқылды
Мәскеу түбіндегі Клин ауданында Ми-8 әскери тікұшағы құлады, деп хабарлайды ТАСС Бұл мәліметті сейсенбі күні РФ Қорғаныс министрлігі журналистерге берген. 19 мамыр күні Мәскеу уақытымен 20:00 шамасында оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде Клин елдімекенінен 20 км жерде Ресейдің Әуе-ғарыш күшіне тиесілі Ми-8 тікұшағы иен далаға құлады. Экипаж түгел қаза тапты», - деп хабарлайды ведомстводан. Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сай, ӘҒК Бас қолбасшылығының комиссиясы оқиға орнына аттанды. Алдын ала дерек бойынша, апат техникалық ақау салдарынан болған.