Қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
Қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
157
оқылды
Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Түркістан облысына жұмыс сапары барысында су басу салдарынан зақым­данған тұрғын үйлерді, әлеуметтік мақсаттағы нысан­дарды қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді. Роман Скляр, Парламент мәжілісінің депутаты Бақыт­бек Смағұл, Түркістан облы­сының әкімі Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдай сал­да­рын жою жұмыстарымен танысып, Төлеби ауданының ауыл тұрғындарымен кез­десу өткізді. Кездесу бары­сында зардап шеккен елді мекендердің тыныс-тіршілігін тез арада қалпына келтіру үшін билік тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы ай­тылды. Сондай-ақ олар Мақта­арал ауданындағы су басқан аумақтарды аралады. Сапар барысында Мырза­кент кентіндегі жеке меншік тұрғын үйлердің құрылысын салуға бөлінген 70 гектер жер учас­кесіндегі жаңа ша­ғын­­ауданда жүргізіліп жат­қан құрылыс жұмыстары тексерілді. Үкімет резервінен тұрғын үй салу, инженерлік-инфрақұрылымдық шығыс­тарды қамтамасыз ету, су құ­быры желілерін қайта жаңарту және қалпына келтіру, көлік инфрақұрылымын қалпына келтіру үшін қаражат көз­делген. Жаңа шағынауданның құры­лысына 32 мердігерлік ұйым тартылған, 313 үйде құры­лыс жұмыстары басталды. Құрылыс алаңында 900-ге жуық құрылысшы мен 70 арнайы техника құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Роман Скляр кездесу со­ңында зақымдалған үйлерді, көлік және инженерлік инфра­құрылым объектілерін қалпына келтіру, су басқан аумақтардан суды сору жұмыстарының қар­қы­нын төмендетпеуді тап­сыр­ды.  

А.ЖАСАНҰЛЫ