Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Шегіртке шекарада тұр

«Айқын» ақпарат
Мамыр 22, 2020
Жаңалықтар, Әлеумет, Қазақстан
Шегіртке шекарада тұр
90
қаралым

Ресейдің Орынбор облысында шегірткенің италиялық түрінің дернәсілдері тіркелді. Солтүстіктегі көршіміздің фермерлері қауіптеніп отыр. Себебі италиялық шегіртке – тез көбейіп, үйірімен ұшатын, миграцияға бейім жәндік. Зиянкес ошағы деп танылып отырған Орынбор облысы Соль-Илецк ауданы Қазақстанға өте жақын орналасқан. Жері Ақтөбенің Мәртөк, Әйтеке би және БҚО-ның Шыңғырлау аудандарымен шектеседі. Сондықтан шекарадағы зиянкестен бізге де қауіп келуі әбден мүмкін.

Иә, шегіртке шекара таңда­майды әрі олардың «жорығын» ше­кара қызметі де шектей алмай­тыны белгілі. Сол себепті іргелес елдер территориясына «рұқсатсыз» кіріп-шыға беретін жәндік. Био­логия ғылымдарының докторы Валерий Әжбеновтің айтуынша, соңғы жылдары шегірткенің Ресей аумағынан біздің жерге өтуі жиі­леген. Өйткені РФ-да олармен кү­рес технологиясы бөлек. «Біздің Үкі­мет шегіртке және өзге де зиян­кестерге жыл сайын қаражат бөліп, препараттарды алдын ала сатып алу процесін жүзеге асырады. Ал Ресейде ондай жүйе жоқ, оларда зиянкеспен күресу тәсілі басқа, яғни дәріні шегіртке тіркелген аумақтың иесі, яғни фермерлер өздері сатып алуы тиіс. Сондықтан оларда шегірткеге қарсы дәрілеу тұтас жүргізілмейді, әр аймақ өз алдына бөлек жұмыс жүргізеді», – дейді ғалым.

Италиялық деп аталатын зиян­кес түрінің Ресей жерін иектеп ал­ғанына да біраз жыл болды. Үйірлі шегіртке былтыр РФ-ның Ростов пен Самара облысында және Кабардин-Балкар аймағында да тіркеліп, соя мен жүгеріні баудай түсіріп жеп жатқаны жазылған. REGNUM ақпарат агенттігі 2019 жылдың 29 тамызында зиянкес­тердің негізгі бөлігінің Қазақ­стан­мен шекаралас облыстарда әлі де қалып қойғанын жазған болатын. Россельхозцентр филиалының мамандары агенттікке берген сұх­ба­тында жәндіктердің көп орна­ласқан жері Соль-Илецк ауданы екенін растаған. Мамандар 70 гек­тар жерге зерттеу жүргізіп, текше метріне 10 зиянкестен келеді деген талдау жасапты.

Қауіп сейілген жоқ

Экстрасенс 2021 жылы алматылықтарға қауіп төніп тұрғанын айтты

Жеңілдетілген несиелер мерзімін 3 жылға дейін ұлғайту қажет – «Ауыл» партиясы

 

ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР?

Ауыл шаруашылығы министр­лігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті­нің Аiqyn-ға жолдаған мәліметіне сүйенсек, жыл сайын «Фитосани­тарлық диагностика және бол­жам­дар әдістемелік орталығы» РММ мамандары Ресей мамандарымен бірге шекаралас аумақтарда бір­лескен тексеру жұмысын жүргізеді. Былтыр 228,4 мың гектар жер тексеріліп, шегіртке қоныстанған 40,97 мың гектар анықталған. «2019 жылы Ақтөбе облысы бойынша 22,7 мың гектар тексеріліп, зиян­кестер анықталмады. Батыс Қазақ­стан облысы бойынша 8,5 мың гектар тексеріліп, шегіртке қоныс­танған жер 0,5 мың гектар болды», делінген комитет жолдаған хабар­ламада.

Байқап отырғандарыңыздай, бұл былтырғы жылға қатысты дерек. Ал биыл шекаралас облыс­тарда үйірлі шегірткелерге қатысты 19,6 млн гектар жер, саяқ шегірт­келер бойынша 1,2 млн гектар жер­де тексеру жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы ми­нистр­лігі биыл шегірткемен кү­реске 1,5 млрд теңге бөлінгенін мә­лімдеді. Республикалық бюд­жет­тен бері­летін қаражат пестицидтерді және химиялық өңдеуді сатып алуға жұмсалмақ.

Сатып алу дегеннен шығады. Бізде шегіртке және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерінің зиян­кестерін жоюға арналған препарат дайындайтын химиялық зауыт жоқ. Сапалы дайын өнімді шетел­ден сатып аламыз немесе препа­раттың негізін құрайтын затты әке­ліп, қоспасын қосып пайдала­намыз. «Степногорскі қаласындағы кәсіпорын өзімізде өндірілетін қоспаларды қосып, өнім шығаруды қолға ала бастады. Осы кәспорын­ның жұмысын одан әрі жетілдіріп, толық циклді дайын өнімді ала­тын­дай жағдайға жеткізу керек», – дейді В.Әжбенов.

Қазіргі күні Ресеймен шекара­лас облыстарда жағдай қатаң ба­қыланып, мониторинг жүргізілуде. Агроөнеркәсіптік кешендегі мем­лекеттік инспекция комитеті ха­барлағандай, Ресеймен шекаралас облыстардағы мониторинг жұ­мыс­тарына GPS навигаторлармен жабдықталған 619 анықтаушы және 295 автомашина қатысты­рылмақ. «Ақтөбе және БҚО әкім­діктерімен бірлесіп өңірлерде жедел штабтар құрылды және мониторинг пен химиялық өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру жө­ніндегі жұмыс жоспары бекітілді. Қажетті препараттар жеткізіліп, химиялық өңдеу жүргізуге келі­сімшарттар жасалған», – дейді хабарламада.

 

ҚАУІП ҚАЙДАН?

Рас, Ресеймен шекарада әзірге зиянкестер тіркелген жоқ. Теріс­кейіміз шегірткеден таза тұрға­нымен, қауіп бар. Ауыл шаруашы­лығы министрлігі Түркістан және Жамбыл облыстарында марокко шегірткесі 143 мың гектар аумаққа таралғанын анықтады. Қазіргі уақытта зиянкестер қоныстанған аумақтың 67%-дан астамы өңдел­ген. Министрліктің хабарлауынша, көршілес мемлекеттермен шека­ралас аумақтарда бірлескен зерт­теулер жүргізіледі. Ел Үкіметі жыл сайын шегіртке шабуылының ал­дын алу үшін қомақты қаражат жұмсайды. Себебі шегіртке секілді басқа да зиянкестерді түбірімен жойып жіберу мүмкін емес. Биолог ғалым Валерий Әжбеновтің ай­туынша, бұл жәндіктің табиғатта өзіндік орны, қызметі бар. «Бірін­шіден, шегірткенің өзі белгілі бір дәрежеде топырақты өңдейтін жәндік және онымен өзге құстар қоректенеді. Оны улы химикатпен тұтас құртып жіберсек, жаратылыс заңының тепе-теңдігі бұзылады, басқа жәндіктер уланып қала­ды», – дейді ғалым.

Халқымыз мұның жауабын «ше­гірткеден қорыққан егін екпес» деген бірауыз сөзбен берген. Ең бастысы, мемлекеттен бөлінген қаржыны тиімді жұмсап, алдын алу ісі тыңғылықты жүргізілсе болғаны.

 

Шегіртке шекарада тұрБауыржан БАЗАР

 

 

 
Тегтер: Shegirtkeқауіпфермерлер
Алдыңғы жаңалық

«Отаншылдық – тіл мен тірліктің бірлігі» – Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай

Келесі жаңалық

Тоғжанов құлағалы тұрған үйлер, ауызсу проблемасын шешу үшін Жезқазғанға арнайы барды

Ұқсас жаңалықтар

БҰҰ
Жаңалықтар

БҰҰ Бас хатшысы коронавирустың таралуын қалай тоқтатуға болатынын айтты

Қаңтар 16, 2021
Pfizer
Жаңалықтар

Pfizer вакцинасын салдырған 23 адам көз жұмды

Қаңтар 16, 2021
Ұлттар кубогі
Жаңалықтар

«Ұлттар кубогі»: Ләззат Күнгейбай ресейлік қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

Қаңтар 16, 2021
бассейн
Жаңалықтар

Бассейннен 21 жастағы қыздың денесі табылды

Қаңтар 16, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

БҰҰ Бас хатшысы коронавирустың таралуын қалай тоқтатуға болатынын айтты

Қаңтар 16, 17:45

Pfizer вакцинасын салдырған 23 адам көз жұмды

Қаңтар 16, 17:07

«Ұлттар кубогі»: Ләззат Күнгейбай ресейлік қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

Қаңтар 16, 16:41

Бассейннен 21 жастағы қыздың денесі табылды

Қаңтар 16, 15:59

Петропавл тұрғыны «банк қызметкерімін» деп қоңырау шалған әйелге сеніп, миллион теңгесін аударып жіберді

Қаңтар 16, 15:15

Карантин 1 ақпанға дейін ұзартылды

Қаңтар 16, 14:46

QI-Trade Kazakhstan қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды

Қаңтар 16, 14:25
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

БҰҰ

БҰҰ Бас хатшысы коронавирустың таралуын қалай тоқтатуға болатынын айтты

Қаңтар 16, 2021
Pfizer

Pfizer вакцинасын салдырған 23 адам көз жұмды

Қаңтар 16, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»