Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Тоғжанов құлағалы тұрған үйлер, ауызсу проблемасын шешу үшін Жезқазғанға арнайы барды

Нұрбек БАҚЫТ
Мамыр 22, 2020
Жаңалықтар, Әлеумет, Қазақстан
Жезқазған, Ералы Тоғжанов, Жошы хан, Алаша хан

Фото: Үкіметтің ресми сайтынан алынды

15
қаралым

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Жезқазған өңіріне барды. Әкімдіктің хабарлауынша, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Өңірдегі өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылады.

Маңызды проблеманың бірі – Жезқазған қаласындағы апатты үйлердегі тұрғындарды көшіру. Ералы Тоғжанов жұмыс сапары барысында осы мәселеге назар аударды.

– Облыс әкіміне бұл мәселені бақылауға алуды және келесі жылдың соңына дейін оны шешуді тапсырамын, – деді Ералы Тоғжанов.

Сәтбаев қаласына көшуден бас тартқан тұрғындардың үйі неге өртенді?

Ералы Тоғжанов Алматыда бірқатар кездесу өткізді

«Шымбұлақтың» ең биік нүктесінде визит-орталық ашылды

– Облыста барлығы 54 үй апатты деп танылды. Оның 26-ы Жезқазғанда. Биыл қалалық бюджеттен ақша бөлінді. Мәселені шешіп жатырмыз, – деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында халыққа үздіксіз су беру мәселесі де өзекті болып тұр. Жезқазған жұртшылығы Ералы Тоғжановқа осы мәселемен жүгінді.

Су проблемасы жайында әкім: «Біз Кеңгірден шығатын резервтік су тартқышты салып жатырмыз. Ол екі айда іске қосылады. Сондай-ақ Есқұла суағарын салу жобасын іске асыруға кірісеміз. Нәтижесінде, 15% су Жезқазғанға Есқұла су құбырынан, 55-60%-ы Үйтас-Айдос су таратқышынан және қалғаны Кеңгірден тартылады, – деді Жеңіс Қасымбек.

Жезқазғанда жалпы сомасы 3,9 млрдтеңге болатын 36 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, қалада 58 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті мен шатырын, 1,5 шақырым кәріз және су құбыры желілерін, 34 шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, екі саябақ абаттандырылады. 800-ден астам жарықтандыру бағаны орнатылады. Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша мыңнан астам жұмыс орны ашылады. 600-ге жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасады.

Жұмыс сапары барысында Ералы Тоғжанов 900 орындық мектепті аралап көрді. Барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Қазіргі уақытта нысан аяқталуға жақын. Ауланың аумағын абаттандыру, көгалдандыру, жиһаз және құрал-жабдықтар алу қалды. Ұлытау ауданындағы Жошы хан тарихи-мәдени орталығының құрылыс алаңы да Премьер-министр орынбасарының назарынан тыс қалған жоқ. Жөндеу және құрылыс үшін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысатын жұмысшылар тартылады. Сондай-ақ, қазір Жошы хан мен Алаша хан кесенелерін де қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

 

Жезқазған, Ералы Тоғжанов, Жошы хан, Алаша хан
Фото: Үкіметтің ресми сайтынан алынды

– Кесенелерді қалпына келтіру кезінде бірінші кезекте тарихи құндылықты сақтау қажет. Президент осы кесенелерді қалпына келтіруді бақылауға алды. Барлығын сапалы жасау маңызды. 2020 жылы бұл маңызды оқиғалардың бірі болмақ, – деді Ералы Тоғжанов. Ұлытау ауданында Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 18 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл – Қарсақбай және Жезді ауылдарындағы спорттық- сауықтыру кешендерінің, Ұлытау кентіндегі тазарту нысанының құрылысы, сондай-ақ білім беру саласында үш жоба, мәдениет саласында төрт жоба және ТКШ-ның 8 жобасы. 522 жұмыс орны құрылады, оның ішінде 263 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасады.

 

 
Тегтер: Алаша ханЕралы ТоғжановЖезқазғанЖошы хан
Алдыңғы жаңалық

Шегіртке шекарада тұр

Келесі жаңалық

«Еуразия» телеарнасының 185 қызметкері коронавирусқа байланысты тексеруден өтті

Ұқсас жаңалықтар

жалған
Жаңалықтар

Жалған шот-фактура жасағандар

Қаңтар 20, 2021
сайлау
Nur Otan

602 сайлаушыдан ұсыныс түсті

Қаңтар 20, 2021
Павлодар
Жаңалықтар

Павлодар әкіміне қатысты үкім шықты

Қаңтар 20, 2021
тұрғындар
Nur Otan

Тұрғындардың арызын тыңдады

Қаңтар 20, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жалған шот-фактура жасағандар

Қаңтар 20, 06:50

602 сайлаушыдан ұсыныс түсті

Қаңтар 20, 06:40

Павлодар әкіміне қатысты үкім шықты

Қаңтар 20, 06:30

Тұрғындардың арызын тыңдады

Қаңтар 20, 06:20

Құс тұмауратса, емделмейді

Қаңтар 20, 06:10

Жетісай жұртшылығымен жүздесті

Қаңтар 20, 06:00

177 млн теңге айыппұл салынды

Қаңтар 20, 05:50
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

жалған

Жалған шот-фактура жасағандар

Қаңтар 20, 2021
сайлау

602 сайлаушыдан ұсыныс түсті

Қаңтар 20, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»