Тараз қаласы,Байзақ және Талас аудандарының әкімдеріне сөгіс жарияланды
Тараз қаласы,Байзақ және Талас аудандарының әкімдеріне сөгіс жарияланды
©zhambyl.gov.kz
174
оқылды
Бердібек Сапарбаев Тараз қаласы мен Байзақ және Талас аудандарының әкімдеріне карантин режимін тиісті дәрежеде қамтамасыз етпегені үшін сөгіс жариялады. Сондай -ақ, осы бағытқа жетекшілік ететін Тараз қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылғандығы белгілі болды. Бұдан бөлек, Қордай, Байзақ және Талас аудандары әкімдерінің орынбасарларының жеке жауапкершілігі қаралады. Ол ғана емес, штаб отырысында азаматтардың жекелеген санаттарына арналған әлеуметтік төлемдерге қатысты мәселе де жан-жақты сараланды. Кейбір әкімдерге аталған маңызды бағыттағы өз жұмыстарының сылбырлығы  үшін сын-ескертпелер естуіне тура келді. Мемлекет тарапынан қаражат қарастырылғанымен, жергілікті жерлерде әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу қарқыны көңіл көңшітпейді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубековтің айтуынша, Т.Рысқұлов ауданында азық-түлік және тұрмыстық жиынтықпен қамтамасыз ету төлемі бар-жоғы 38 пайызға орындалған. Тараз қаласы және облыстың барлық аудандарында мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген қаражат толық игерілмеген. Еске салайық, Жамбыл облысы бойынша жедел штабтың кезекті отырысында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал барысы талқыланды. Статистикаға сәйкес, аймақта COVID-19 өсімі байқалады. Аймақ басшысы жергілікті атқарушы органдар мен салалық ведомство басшыларын халық арасында түсіндіру шараларын күшейтуге, кейінгі кездері жұмыстарын әлсіретіп алған мобильді топтардың қызметін қайта жандандыруға шақырды.