Анимациялық ертегі ақсап тұр
Анимациялық ертегі ақсап тұр
515
оқылды
Қазақ мультфильмі ту­ра­­сында дау әлі басыл­май ке­ле­ді. 53 жылдық та­рихы бар анимациямыз бір биік­ке шыға қойды деудің өзі қиын. Бірер тәуір өнімді айтпағанда, қал­ға­ны тә­лім-тәрбие тұрмақ, бір мәнге сүйенбеген желі ар­қы­лы өрбіп жатыр. 2019 жылы Azia animation ком­па­ниясы түсірген «Ер Төс­тік» анима­ция­лық ерте­гісі каннибализм­ді наси­хат­тады деген желеу­мен қо­ғам наразылығын ту­ды­­­рып, ақыры YouТube желі­сі­нен жойылған. Енді биыл та­ғы да бір анимациялық ер­те­гі сынға ұшырап отыр. Жоғарыда аталған «Ер Төс­тік» ертегісін Azia animation компа­ния­сының иелері Игорь Краус пен Артур Краус есімді ағайынды жігіттер түсірген екен. Олардың YouТube желісінде Anima Book атты каналы бар. 333 мыңнан астам адам тіркелген. Ертегі 2 млн астам қаралым жинапты. Ертегі ішінде «томпақ бала екен, қазанға асып жейік» дейтін сөздер болған. Бала үшін дұрыс не бұрыс деген ұғым болмасы анық, ол нені дұрыс деп тапса, соны қа­был­дайды. Ертегіні түсірген өзге ұлт өкілдері екенін айттық, яғни халықтың тәрбие мен ғұр­пы­нан хабары жоқ адамдарға анимациялық ертегіні түсіруге тапсырыс берген Алматы қалалық Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасында да кінә бар. осы басқарма биыл тағы да сынға қалып отыр. «Жанәділ» атты анимациялық ерте­гіні тапсырыспен түсірткен. Бұл ертегінің жайы тіптен сора­қы. Әйел күйеуін кемсітіп, хан­мен ойнас болады. Ертегіні 15 млн астам адам қараған. Былтыр «Ер Төстік» ертегісіне қатысты мәсе­лені көтерген Bugin Media ЖШС директоры Марғұлан Ақан бұл жолы да Алматы қаласының Тіл басқармасының әрекетін түсінбей отырғанын айтады. – Ақша бөлінсе болды, кон­тент маңызды емес пе? Жуырда «Жанәділ» деген ертегі шықты, тапсырыс берген Тіл басқармасы екен. Қазақтың қай әйелі күйеуін кемсітіп, ханмен ойнас болып еді. Бұл өзі балаға тәрбие болмақ па? Бұл мультфильмді сіздің балаңыз көріп отыруы әбден мүмкін. Былтыр ғана «Ер Төстік» ертегісін желіден әрең өшірткенбіз, – дейді журналист. Шынында, аталған анима­ция­лық ертегілерге қанша ақша бөлінгені жайлы нақты дерек жоқ. Алматы қаласының Тіл бас­­­қ­ар­масы бұл сұраққа жауап бер­­­гісі келмейтін сыңайлы. Со­дан соң біз «Ер Төстік» ертегі­сін түсірген Azia animation компа­ния­сына хабарласқан едік. Теле­фон тұтқасын компания иесі Ар­тур Краустің өзі көтерді. – Мен бұл ертегінің сынға ұшы­рағанын білмеймін. Хабарым да жоқ. Сценарийін өзім жаздым. Бірақ қазақ ертегісін де шолып шықтым. Ал ол үшін қанша ақша алғанымызды айта алмаймыз. Сіздерге қажеті қанша? – деп дөрекелік танытты. Осыдан кейін «біз баламыз тамашалайтын ертегімізді де біреуге жаздырамыз ба?» деген сұрақ мазалады. Олар мүлдем жауапкершілігін сезінбесе, біздікі не әурешілік? Өз кезегінде әлем ертегілері­нің де оқиға желісіне бойлап көр­ген едік. Мысалы, ағайын­ды Гриммдердің жазған ерте­гі­лерінің түпнұсқасында ата-ана­ның өз баласын қорек етуі, дене мүшелерін кесу мен өлті­ру секілді түрлі оқиғалар кез­де­­седі. Бала тұрмақ, ересек адам да шошып жатады. Бірақ мультфильм ретінде түсірілгенде «Ұйқыдағы ару», «Ақшақар және жеті ергежейлі» мен «Күлшеқыз» ертегілерінен оғаш оқиғалар алынып тасталған. Ал ағайынды Гриммдердің фольклорлық мә­тін­­дерді жинаушылар болға­нын ескерсек, «біздің қазақ ер­те­­гі­лерінде де оғаш оқиғалар кез­­­дескен бе?» деген сұрақ туын­дай­ды. Біз бұл сауалды ертегілерді зерттеген, академик Сейіт Қас­қа­ба­совқа қойған едік. – Қазақ ертегілерінен «Жанә­діл» анимациялық фильмін­де­гідей ханмен ойнас болу деген оқиғаларды өз басым оқы­ған емеспін. Ертегілер көбіне зұлым­дық­қа қарсы боп, ізгіліктің жеңіп шығуымен аяқталады. Ханның қарашаға ғашық болуы сияқты оқиғалар кездескен, бірақ ойнас болыпты деген сорақылықты кез­дес­тірген емеспіз. Олар мәтін­де­рін қайдан алып жатқанын түсінбедім. Мұның барлығында тіл мамандары атсалысуы керек. Әйтпесе, тәрбиеден бөлек, ұлттық құндылықтардан айырылуымыз да мүмкін, – дейді ғалым. Былтырдан бастап әлемдік телеарналардың эфирінен дү­ние­­жүзіне танымал «Том және Джер­ри» мультфильмін көрсетуге ты­йым салынды. 1940 жылдан бас­тап 7 рет Оскар сыйлығын ием­ден­ген мульфильм қатыгездік, тұр­мыстық зорлық, нәсілшілдік пен ішімдікке әуестікті туғызады деп бағаланыпты. Демек, бала тәр­биесіне қатысты түрлі мәселе­лер елімізді ғана емес, әлем жұрт­шы­лығын алаңдатып отыр деген сөз.   Түйін:  

Қазіргі әр отбасы өз баласына мульт­фильм тамаша­ла­тып, жақсы дүние үйренер деген сенім­мен оты­рады. Кезінде қазақ ани­ма­­циясы дамиды дегенді естіп, бөр­кімізді аспанға аттық. Әлі ер­те сияқты. Себебі баламызға әдет-ғұрыптан ада, тәрбие жайы ес­керілмеген туындыны өзіміз ұсы­нып отырмыз. Ал сіз балаңыз та­ма­­шалайтын ертегілерге көңіл бөлесіз бе?

 

 width=Мадияр ТӨЛЕУ