Шешенстан парламент спикері Магомед Даудов республика басшысы Рамзан Кадыровтың коронавирус жұқтырғаны туралы хабардың қауесет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Түрлі қауесет жүр, не айтылмай жатыр, біздің республика басшысы Рамзан Қадыровтың дені сау, ол туралы жазылып, айтылып жатқан нәрселер жалған", - деді ол Instagram-дағы аккаунтында тікелей эфирде.
Оның айтуынша, "адамдар тобы қалауын шындық ретінде береді, жоқ нәрсені ойлап табады". "Олар қалағанын жазады, қандай да бір аурулар, пайыздар, мұның бәрі дұрыс емес. Мен халықтың осы қауесетке алаңдайтынын білемін және сіздерді сабырға шақырғым келеді: бәрі жақсы", - деді Даудов.
Сонымен қатар, өңірлік денсаулық сақтау министрі Эльхан Сүлеймановтың және "Грозный" телеарнасының директоры Ахмед Дудаевтың коронавирус жұқтырды деген ақпарат та шындыққа жанаспайтынын айтты.