Төрт түлік өнімінің экспорты көбейеді
Төрт түлік өнімінің экспорты көбейеді
126
оқылды
Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин мал шаруашылығы саласына бірқатар тапсырма жүктеді. Ең алдымен өнім көлемінің жеткілікті болуына және экспортты ұлғайтуға баса назар аударылады. «Қайта өңдеуші ірі кәсіпо­рын­дардың, соның ішінде экс­порт процесіне жергілікті өнді­рушілердің қатысуына мүм­кіндік беретін шетелдік ин­вес­­торлардың қатысуымен құ­­­рыл­ған кәсіпорындардың ай­на­­ласындағы кооперация ерек­­ше ба­сымдыққа айналуы тиіс. Мұның табысты үлгісі ре­тін­де Түркістан облысындағы түйе сүтін өңдеу зауытын айтуға бо­лады. Инвестордың ши­кі­зат­ты тартымды бағамен сатып алуының арқасында сүтке сұра­ныс артып, түйе шаруа­шы­лығы қарқынды дами бастады. Бір түйе­нің құны ел бойынша 2 есеге өсті. Бұл сала аса тартымды бола бас­­тады», – деді Үкімет бас­шы­сы. Отырыс барысында А.Мамин ұсақ мал басын көбейту үшін  де осындай кооперацияны дамыту қажет екенін атап өтті. «Сыртқы нарықтардағы қой етіне сұраныстың жоғары екенін және өндірістің өзіндік құнының арзандығын ескерсек, бұл экс­порт­ты дамыту үшін қолайлы жағ­дай жасайды», – деді ол. Еліміздің мал шаруашылығы сек­торында 4 пайыз деңгейінде тұрақты өсім бар. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.  «Жылдың қорытындысы бо­йын­ша, жалпы өнім 2,3 трлн тең­геге дейін өсті. Несиелендіру және қосымша субсидиялау ар­қылы былтыр жүзеге асы­рыл­­ған шаралар өзінің оң нәти­же­сін берді. Биылдың 4 айы бо­йынша ауыл шаруашылығы малдарының өсімінің оң дина­ми­касы байқалады: ірі қара малы – 4,1 пайызға, қой мен ешкі – 2,7 пайызға, жылқы 7,6 пайызға өсті», – деді министр Үкімет оты­­рысында. Премьер-Министр А.Мамин отан­дық құс шаруашылығын одан әрі кеңейтуді тапсырды. «Бү­гінде астық егетін 300 ірі және орташа шаруашылық мал шаруа­шылығына қызығушылық білдіріп отыр. Мұның өзі саланы дамытуға қосымша серпін береді. Жалпы, мал шаруашылығы сала­сы тұрақты дамып келеді. Мемлекет барлық қолдау шара­ла­рын көрсетіп жатыр», – деді Асқар Ұзақбайұлы.  

Б.БАЗАР