PISA рейтингі: Тоқаев оқушылардың білім деңгейі неге төмен екенін айтты
PISA рейтингі: Тоқаев оқушылардың білім деңгейі неге төмен екенін айтты
Фото: Интернеттен алынды
239
оқылды
Президенттің айтуынша, оқушылардың білімін халықаралық бағалау бойынша Қазақстан дамыған елдерден артта қалып келеді. «Оқушылардың білімін халықаралық бағалау бойынша Қазақстан дамыған елдерден артта қалып келеді. Оның бірнеше себебін келтіруге болады. Бірақ оның басты себебі – білім саласына бөлінетін қаражаттың жетіспеушілігі және осындай маңызды салада реформалардың жүйелі болмауы», – деді Мемлекет басшысы. Президенттің айтуынша, білім беру – экономиканың өте қажет, маңызды саласы. «Білім саласына бөлінетін қаражаттың жетіспеушілігінің де өз себептері бар. «Көрпеге қарай көсілу керек» дегендей, қаражатқа қарай өмір сүру керек. Бірақ, орта есеппен бір оқушыға жылына мың доллардан аз қаражат бөлеміз. Ал PISA рейтингіндегі үздік ондыққа кіретін елдер бір балаға 10-14 мың доллар бөледі. Бұған көңіл бөлуім де тегін емес. Сапалы білім берудің базалық жағдайы – заманауи нормаларға, жабдықтау стандарттарына, эргономикаға сай келетін мектеп инфрақұрылымы. Қазақстан мектебіне жақсы жабдықталған және бала саны аз сыныптар қажет. Ол үшін де бірқатар қадам жасалды. Мемлекеттік білім беру бағдарламасы бойынша 2025 жылға қарай 650 мыңнан астам орынға лайықталған жаңа мектеп салынады, ауылдық мектептерге 114 интернат және 700-ден астам спорт залдары тұрғызылады», – деді Президент.