Мемлекеттік білім грантының құны үш есе артады
Мемлекеттік білім грантының құны үш есе артады
266
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЖОО оқытушыларының еңбекақысын көтеру жолын атады. «Дарынды жастардың шетелге кету мәселесіне ерекше назар аударған жөн. Мұның бірнеше себебі бар. Оның бірі – жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілетсіздігі. Әрине бұл қосымша инвестицияны талап етеді. Осыған орай біз білім гранттарының орташа құнын 340-420 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін көбейту туралы шешім қабылдадық. Яғни, грант құны үш есе артады. Сол арқылы оқытушылардың жалақысын кезең-кезеңмен арттырып, университеттердің материалдық базасын нығайтуға болады. Бұл – маңызды қадам. Өйткені грант құны 2011 жылдан бері өскен жоқ», - деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында. Президент еліміздегі 5 ЖОО әлемнің үздік 500 университетінің қатарына қосылуы керектігін айтып өтті. Бұл межеге 2025 жылға дейін жету көзделіп отыр.