АҚШ-та Қазақстанның 15 жастағы тумасы көлік сатамын деп көз жұмды
АҚШ-та Қазақстанның 15 жастағы тумасы көлік сатамын деп көз жұмды
126
оқылды
Американың Шарлотт қаласындағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі автотұрақта 15 жастағы Қазақстанның тумасы Роман Кичигинді атып кеткен. Charlotteobserver ақпаратына сәйкес, жасөспірім тонаудың құрбаны болған. Ол тірі болғанда бір айдан соң он алтыға толар еді. Роман Кичигин BMW маркалы автокөліктерді сатып алып, жөндеп оларды қайтадан жоғары бағаға сатумен айналысқан. Қайғылы оқиға орын алған күні ол төртінші көлігін сатуды жоспарлаған. Өкінішке қарай, көлікті сату ісі қарулы тонауға айналып, бозбала атыс қаруынан жарақат алған. Оның қасында анасы болған. Роман оқиғадан соң сәл кейінірек ауруханада көз жұмған. Полиция кісі өліміне қатысты күдіктіні ұстап та үлгерді. Қамауға алынған 18 жастағы жігіт адам өлтірумен қатар суық қаруды қолдана отырып тонауға барғаны үшін де айыпталуда. Жергілікті тұрғындар Романды ақтық сапарға лайықты шығарып салу үшін 41 мың доллардан аса қаражат жинаған.

Дәурен Аллабергенұлы