Блокпосттағы апаттың ақиқатын күдікті Азат Азаматовтың әкесі айтты
Блокпосттағы апаттың ақиқатын күдікті Азат Азаматовтың әкесі айтты
Фото: Интернеттен алынды
Алматы маңындағы блокпосттағы апатқа себепші болған Азат Азаматов – осы айдың басында аға лейтенант шенін алған полиция қызметкері. Бұл туралы 31 арнаға берген сұхбатында Азат Азаматовтың әкесі Талғат Мұқашев айтып берді. Өзі де 28 жыл бойы құқық қорғау саласында жұмыс істеген Талғат Мұқашев баласының ішімдік ішті дегеніне келіспейтінін айтып отыр.
«Коронавирусқа қарсы бұларда демалыс болмай кетті. 18-19 күндей жұмыс істеді. Соның салдарынан таңғы 5-те келе жатып, рөлде қалғып кетті ме деп ойлаймын. Баламның жасаған кінәсін жасыра алмаймын, өз қолымен істегенін мойнымен көтереді, заңды түрде жауап береді. Қасақана, әдейі соқты дегенге келіспеймін. Бақилық болған әріптестерімен жап-жақсы араласып жүрген, біреуі баласының шілдехана тойына шақырған. Бұл – оқыс оқиға. Қасындағы жолдасына қасқыр да қастық жасамайды. Егер менің ұлым шынымен жаман қызметкер болса неге аға лейтенант шенін берді, неге алғыс хатпен марапаттады», – деді Талғат Мұқашев.
Айта кетейік, мамырдың 25 күні №4 блокпостта жол апатынан екі полицей қайтыс болды.