Комитеттің бұрынғы және қазіргі орынбасарлары ұсталды
Комитеттің бұрынғы және қазіргі орынбасарлары ұсталды
Фото: Интернеттен алынды
5,114
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары 380,8 миллион теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды агенттік.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров: «Шығыс Қазақстан облысында Антикоррупция қызметі Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарларын бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамады. Сот олардың біріне қатысты бұлтарпау шарасын қабылдап, екі айға қамауға алды. Олар 300 орынға арналған оқу қорпусының құрылысын бөлінген ақшадан 380,8 миллион теңге жымқырған», – деді.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.