1 маусымнан бастап елімізде теміржолдағы жолаушылар қатынасы кезең-кезеңімен қалпына келтіріледі. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы кеше коронавирус пандемиясы кезінде жолаушылар пойыздарының қауіпсіздігі бойынша қабылданған шаралармен таныстырды.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Солтүстік» тасымалы бойынша өңірлік филиал директоры Гүлнар Қонысбаеваның айтуынша, «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардың қауіпсіз жол жүруін ұйымдастырудың қажетті шараларын қабылдады.
Фото: Айтжан Мұрзанов
Қоғам қызметкерлері үшін коронавирус пандемиясы жағдайындағы жұмыс регламенті мен нұсқаулық әзірленіп, қауіпсіздік шараларын ұстану жөніндегі нұсқаулықтар мен түсіндіру жұмыстары үнемі өткізіліп тұрады. Қоғамның барлық қызметкері жеке қорғаныш құралдарымен (маскалар, қолғаптар, антисептиктер) қамтамасыз етілген.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ вагондардағы желдету және ауа баптау жүйлеріне ревизия жүргізді. Табиғи желдетудің болуы жағдайында вагондарда 10 минуттан тәулігіне 3 рет ауаны тазарту ұсынылады. Жол жүру барысында зарарсыздандыру құралдарын қолданып тәулігіне 2 рет, әжетханаларда – тәулігіне 4 рет ылғалды тазарту жүргізіледі.
Фото: Айтжан Мұрзанов
Әр рейстен кейін вагондарда зарарсыздандыру жүргізіледі. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан жол жүруге алдын ала дайындалуға кеңес берді. Мысалы, жолаушы вагон-ресторан жұмысына рұқсат етілмегендіктен, сусын, тамақ, сондай-ақ жеке қорғаныш заттарын (маскалар, қолғаптар, антисептиктер) жеткілікті мөлшерде алып жүруі тиіс.
Жол жүрер алдында үйден шығарда жолаушы температурасын өлшеуі қажет. Өзін нашар сезінген және температурасы жоғары болған жағдайда сапарды кейінге қалдыру керек, осылайша ол өзінің ғана емес, айналасын да аман алып қалды.
Фото: Айтжан Мұрзанов
Жолаушылар вокзал ғимаратына қорғаныш құралдары (маскалары) мен жол жүру құжаттары (билеттері) болғанда ғана кіре алады. Шығарып салушылар вокзалға жіберілмейді. Ғимаратқа кірер алдында міндетті түрде жолаушыларға байланыссыз термометрия жүргізіледі.
Барлық вокзалда «карантин бұрышы» – COVID-19-ке күдікті тұлғалар үшін оқшаулау аймағы ұйымдастырылған. Бұл учаскелер ескертпе ленталармен, белгілермен қоршалған, онда санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың аумақтық қызметтері немесе медициналық қызметкерлер келгенге дейін отыратын орындар қарастырылған.
Жоғары температурасы (37°C және одан жоғары) немесе грипп пен ОРВИ, сондай-ақ COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, қиын дем алу, ентігу және т.б.) белгілері бар тұлғалар анықталса, олар «карантин бұрышына» барады және сол жерде жолаушыны жедел жәрдем бригадасымен ары қарай эвакуациялау туралы мәселе шешіледі.
Вокзал ғимаратындағы ауа баптағыш пен желдету жүйесіне де ревизия жүргізілген. Табиғи желдету болған жағдайда вокзалдарды тәулігіне 4 рет 15 минуттан желдету ұсынылған. Сондай-ақ, вокзал ғимаратында зарарсыздандыру құралдарын пайдалана отырып билет тобы ғимаратында, күту залында тәулігіне 4 рет ылғалды тазарту өткізіледі. Көрінер және қолжетімді орындарда көрнекі ақпараттар (постерлер) орналастырылған, сондай-ақ COVID-19 мәселелері бойынша қызметкерлер мен жолаушыларды көру және аудио-ақпараттандыру тұрақты жүргізіледі.
Фото: Айтжан Мұрзанов
Күту залында жолаушылар 1 метр ара қашықты сақтауы керек. Вагонға отырғызу мен пойыз қозғалысы кезінде жолаушы үнемі маска киюі тиіс. Вагондарда пайдаланылған қорғаныш құралдарын залалсыздандыру үшін оларды жинауға арналған арнайы орын қарастырылған.
Жол жүргенде вагоннан шығуға және құрам ішінде жүруге қажет болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Өзін нашар сезінген жолаушы жолсерікке жүгінуі керек.
Фото: Айтжан Мұрзанов
Жол жүру барысында жолаушыдан немесе пойыз бригадасы қызметкерінен коронавирус белгілері анықталса, іс-әрекет ету алгоритмі әзірленген. Пойыз бастығы пойыз машинисін ақпараттандырып, вагонды зарарсыздандыру мен жолаушыны өзге жолаушылардан оқшаулауы қажет.
Еске сала кетейік, темір жол билеттерін сату 2020 жылдың 15 мамырынан басталды. Ұлттық тасымалдаушы компания жолаушыларға жол жүру құжатын (билетті) BILET.RAILWAYS.KZ сайтында рәсімдеуге, сондай-ақ «ҚТЖ билеттері» мобильдік қосымшасын, интернет-сайттарды және өз-өзіне қызмет көрсету автоматтарын пайдалануға кеңес береді.
Тұмар МЫРЗА