Он мың тұрғын ауыз суға жарымай отыр
Он мың тұрғын ауыз суға жарымай отыр
228
оқылды
Шығыс Қазақстан облы­сындағы Глубокое ауда­нына қа­рас­­ты Белоусовка кен­ті­ тұрғындары бүгін­де ауыз­суға жете алмай отыр­­ған жайы бар. Ауызсу тек кес­те­мен ғана беріледі. Ха­лықтың айтуынша, оның өзі өте сапасыз. Оның үсті­не, әбден ескір­ген ­су құбы­рында тазалық та­­­лабы сақ­­тал­майды. Бұ­ған жа­қында аталған кент­­те ар­найы болған тіл­­­­ші­лер тобы нақты көз жет­­кі­зіп қайтты. Глубокое ауданының әкімдігі көпқабатты үйлерге келетін су құбырын жаңалауды 3 жыл бұрын жоспарлаған. Алайда ол әлі сөз жүзінде қалып отыр. Сонымен, 10 мыңға жуық тұрғыны бар үлкен елді мекен тұрғындары сапалы ауызсуға қашан қол жеткізеді? – Қыста біз жұмысқа кірісе алмадық, қазір күн райы бір қа­лып­қа түскеннен соң құбырды іске қосамыз, – дейді Глубокое аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дамир Ордаханов. Бұл – құбырды іске қосу жөнінде аудандық құрылыс бөлімі басшысының  тура екі ай  бұрын берген  уәдесі. Бірақ проблема сол қалпы қалып қойды. Бөлім басшысының мін­детін атқарушы шамасы қыс­тың қашан аяқталғанын есі­нен шығарып алғандай, одан да құрылысты жүргізуге коро­навирус індеті кедергі келтірді десе нанымдырақ болар еді. Дегенмен қауіпті пандемия ке­зінде де өңірде құрылыс жұ­мыстары тоқтамағанын айта кетейік. Ал халықтың бүгінде әлі кенезесі кеуіп отыр. Су тек кес­те бойынша сағатпен ғана бе­ріледі. Сапасы да күмәнді. Өйткені орталық құбырдың 70 пайызы ескі. Аудан әкімдігіндегі осы салаға жауаптылар  елді ме­кенге 2013 жылдан бері су жүйе­сін жаңалау туралы айтып келеді. Бірақ нақты жұмыстың басталатын түрі жоқ. Өкініштісі, бүгінгі ХХІ ғасырда облыс ор­та­лығы Өскемен қаласынан жиыр­ма-ақ шақырымда орна­ласқан кент тұрғындары ауыз­су­дың азабын бір кісідей-ақ тар­тып келе жатыр. – Мынадай індет кезінде не дұрыстап қолымызды жуа ал­маймыз, не дұрыстап тамақ қай­ната алмаймыз, ең бірінші мәселе осы су болып тұр, – дейді Белоу­совка кентінің тұрғыны Роза Рахметова. Тұрғындар ескі құбырдың суы сапасыз болса да, тоқтаусыз бері­луін  сұрап отыр. Өйткені күн қатты ысығанда  көршілердің бір-бірінен су сұрайтын кездері болады.    width= – Қазір вирус жұқпауы үшін қолды жиі жуу керек деп жатыр. Бірақ су жоқ болса қалай жуасың. Ал берген кезде шүмектен тот араласқан батпақ ағады, – деп ашынады тағы бір кент тұрғыны Людмила Архипова. Батпақ аралас судың кесірі­нен істен шыққан тұрмыстық техниканы тұрғындар үйлердің кіреберісіне тізіп қойыпты.  Жөн­деуге де келмейді.  Ал құ­­­быр­­дағы қысым аз бол­ған­дық­­­тан, көп­қабатты үй­лер­дің жо­ғары жағына су  көте­ріл­мейді.  Сон­­­дықтан тұрғындар ұзын сор­ғыны да пайдаланады. Елді мекендегі  жалпы су құ­бырының ұзындығы – 118 ша­қы­рым. Осы ау­қымды жұ­мыс­ты ерте көк­тем­де бастауға  ауа райы ке­дер­гі кел­тірсе, ма­мыр­­да елдегі пан­де­мия қол­байлау болып отыр­ған көрінеді. Осылайша, кентке ауызсу тарту  жылдан-жылға, айдан-айға созылып келеді. Айтпақшы, бұл кентте әкім де жоқ. Тек міндетін атқарушы ғана. Аудандық құ­ры­лыс бөлімінде де міндетін ат­қарушы жүр. Мұның өзі жауап­ты шаруаның алға басуына кері әсе­рін тигізіп жатқандай әсер қал­­дырады. – Қазақстан бойынша төтен­ше жағдай жариялан­ғандықтан, жұмысты уақытында бастай алма­дық. Ал қазір карантин бо­лып тұр. Осы шектеулер алын­ған бойда  біз су  құбырын тартуды қолға аламыз, – дейді Белоусовка кенті әкімінің міндетін атқарушы Анатолий Ташни­чен­ко. Жергілікті шенеуніктер құбыр тартуды қолға алып болғанша, тұрғындар орталық жүйеден келген суды арнайы сүзгі қойып,  пайдалана тұруға мәжбүр. Ендігі бар үміт биыл сәуір айында ауданға жаңадан әкім болып тағайындалған, оған дейін облыс әкімінің бірінші орын­ба­са­ры қызметін атқарған Ер­лан Ай­мұқа­шев мырзада. Мем­­ле­­кет­тік қызметте, басқару сала­сын­да тәжірибесі мол әкім кент тұр­­ғын­дарының өзекті мәсе­ле­сін ұзаққа созбай шешеді деген сенім­­де­міз.  

Дәурен АЛЛАБЕРГЕН, Шығыс қазақстан облысы