Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді тиімді пайдаланайық – Президент  
Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді тиімді пайдаланайық – Президент  
Фото: akorda.kz
231
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына сапары барысында «Ең-Дала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауыл шаруашылығы алқабын аралап көрді. Қазақстан Президентіне агроөнеркәсіптің техникалық жабдықталуы мен өнімді арттыруға бейімделген жер өңдеу технологиялары, сондай-ақ, А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы әзірлеген элиталық тұқымды пайдалану жөнінде мәлімет берілді. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Мемлекет басшысына аймақтағы агроөнеркәсіп кешені, егін және мал шаруашылығын дамыту жоспары, сондай-ақ, елорда тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндады.   [caption id="attachment_47476" align="alignnone" width="2560"]ауыл шаруашылығы, бидай, егіс жұмыстары, Ауыл шаруашылығы министрі, Сапархан Омаров Фото: akorda.kz[/caption] Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі көктемгі егіс жұмыстарының барысы және отандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді қолдау мақсатында қаржы бөлу жөніндегі тапсырмалардың орындалуы жайында есеп берді.   [caption id="attachment_47477" align="alignnone" width="2560"] width= Фото: akorda.kz[/caption] Қазақстан Президенті мемлекет тарапынан аграрлық секторды дамытуға баса мән беріліп отырғанын атап өтіп, ауыл шаруашылығына арналған жерлерді тиімді пайдаланудың маңыздылығын айтты.   [caption id="attachment_47478" align="alignnone" width="2560"] width= Фото: akorda.kz[/caption]