Жұмыссыз қалғандардың жағдайы не болмақ?
Жұмыссыз қалғандардың жағдайы не болмақ?
5,201
оқылды
Пандемия белең алған тұста әлем жұртшылығы күтпеген кедергілер мен қиындықтарға тап болды. Сан алуан шектеулер, жұмыстан қысқартулар, індет жөнінде қауіпті деректер, түрлі ескертпелер, бәрі-бәрі адамдардың үрейін ұшырып, ұйқысын қашырды. Бірақ кейінгі уақытта бұл жағдайға да адамдардың еті үйрене бастағанын аңғардық. Бастапқыда қатты қорыққан көпшіліктің көңілі орнына түскені соншалық олар вирустың бар не жоқ екеніне де мән бермей қалды. Тіпті, соңғы кездері бұл індеттің барына сенбейтіндер қатары көбейген. «Ешқандай инфекция жоқ, бұл жай үрей туғызу, бос даңғаза, біреулердің ойыны» деген сияқты пікірлер айтылуда. Бірақ пандемия басталғалы бері әлемдегі әрбір алтыншы жас маман жұмысынан айырылған, ал қалғанының жұмыс күні орташа есеппен 23%-ға қысқарыпты. Бұл туралы Халықаралық еңбек ұйы­мының жаңа зерттеуінде ай­тыл­ды. Ал ХЕҰ-ның бас дирек­то­ры Гай Райдер ел үкіметтерін экономиканы қалпына келтіру және адамдарды жұмыс орнына қайтару үшін тез арада тиісті шара­ларды қабылдауға шақырды. Басқаларға қарағанда Солтүстік және Оңтүстік Американың, соны­­мен қатар Еуропа және Орт­а­­лық Азия елдерінің тұрғын­да­ры көп зардап шеккен. Енді мына дерекке қараңыз, ерлерге қарағанда әйелдер жұмыс орындарынан көп қысқарған. Өйткені бірқатар елде олардың ба­сым бөлігі экономиканың бей­рес­ми секторында жұмыс іс­тейді. Оған күтуші, үй көмекшісі се­кілді қызмет түрлерін жат­қы­­зуға болады. Олардың көп­ші­лігі екі-үш ай көлемінде індеттің өршуіне байланысты оқшаулау режимінің енгізілуіне байланысты жұмы­сы­нан айырылды. Иә, рас, пандемияға дейін де бүкіл әлем бойынша жастар ара­сындағы жұмыссыздық дең­гейі жоғары болған болатын. Бұл көрсеткіштер, тіпті 2008 жылғы қаржы дағдарысы кезіндегіден де әлдеқайда төмен. Яғни, бұған дейін 267 миллион жас жұмыссыз әрі білімсіздер санатында бол­са, қазіргі жағдай бұрынғыдан да мүлдем қиындай түсті. Ең өкініштісі, бүгінде көпте­ген жұмыс орны құлдырауға ұшы­­рап жатыр. Соның салдары­нан түрлі компанияда еңбек ете­тін қызметкерлердің саны қыс­қару­да. Бұл жағдай өзге елдер­ден бөлек, біздің елде де бас ауыр­тар­лық проблемаға айналды. Жа­қында ғана Қарағанды облы­сына қарасты Южный кентіндегі әктас шығаратын кәсіпорын жұмысын тоқтатты. Олардың жалғыз тұ­ты­­нушысы «Арселор Миттал Те­­мір­тау» компаниясы өнімді алу­дан бас тартқан. Сөйтіп, осы өндіріс ошағында еңбек ететін 345 адамның 187-сі жұмыссыз қалды. Көп ұзамай қалғаны да қысқарады деген мәселе көтерілуде. Бірақ жергілікті билік олар­дың ешқайсысы далада қал­май­ды, жұмыс тауып береміз деп отыр. Южный кентіндегі ха­лық­тың басым бөлігі осы әктас шығаратын кәсіпорында еңбек ететінін ескерсек, толық қысқарту болса, мұндағы тұрғындардың жағ­дайын елестетудің өзі қиын. Коронавирус ел экономика­сы­ның жүрегі мұнайшылардың қал­тасына да қатты тиді. Теңіз ке­­нішіндегі компаниялардан қыс­­­­қар­тылған атыраулықтар жұ­мыс­сыз қалуда. Жалпы кен ор­нында 50 мыңнан астам адам ең­бек ететін болса, оның 32 мың­ға жуы­ғы Атырау облысының тұр­­ғын­дары екен. Ал қазір аймақ­та 10 мың­ға жуық адам жұмыссыз жүр. Осыдан біраз күн бұрын Ор­та­лық коммуникациялар қыз­­метінде өткен баспасөз брифин­гін­де Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мұнай мен газ сала­сындағы жұмыс орындарын сақ­тап қалуға байланысты тиісті шаралар қабылданатынын ай­тып, жұрт­шылықты сабырға ша­қыр­ған. – Мониторинг аясында об­­лыс әкімдіктері ірі ком­па­ния­­­лармен кешенді жоспар­лар­­ды әзірледі. Осы орайда, жұ­мыс орындарын сақтау бо­йын­­ша мұнай және газ компа­­­нияларымен жаңа мемо­ран­думдарды бекіту еске­ріліп отыр. Со­нымен қатар жұ­мыс­шы­­­лардың еңбек құқық­тарын сақ­тауға қатысты қадағалау ша­ра­лары күшейтілді, – деп атап өткен болатын. Не десе де, бұл жағдай ерекше назар ау­даруды қажет етеді. Жағдай одан әрі күрделене берсе, бұл мұнайшылар үшін ауыр соқ­қы болмақ. Елдегі төтенше жағ­дай режи­мінің салдары осы тек­тес бір­неше компанияның жұ­мы­сы­на кері әсерін тигізіп отыр. Жалпы, бүгінгі таңда Қазақ­стан­да төтенше жағдай режимі ке­зінде жұмыссыз ретінде тір­­келген адамдар саны 170 мың­­ға жеткен. Бұл туралы Ең­бек және халықты әлеуметтік қор­ғау вице-министрі Ақмәди Сар­­­ба­совтың баяндамасында ай­­­тыл­ды. Ол сонымен қатар Мем­­лекеттік әлеуметтік сақ­тан­­дыру қорынан жұмысынан айы­рыл­ғандарға төленетін әлеуметтік төлем санының да артқанын қоса хабарлады. – Егер азамат жұмыссыз қалса, онда ол 6 ай бойы кірісінің 40 па­­йызын алып отыруға құқылы. Бү­гін­гі күні мұндай адамдардың саны 34 мыңнан асып жығылды. Бұл тек Мемлекеттік әлеуметтік сақ­тандыру қоры филиалдарына осы уақытқа дейін жүгініп үлгер­ген­дер, – деді вице-министр. Оның сөзінше, төтенше жағ­­дай кезінде кірісінен айы­рыл­­­ған 8 миллион адам 42 500 тең­ге әлеу­­меттік төлем алуға өті­ніш бер­ген. Солардың тек 4,6 мил­лио­ны­на ғана төлем таға­йын­далды. Өтініш беруші­лер­дің мәліметтерін тексеру кезінде жеке кәсіпкерлер мен қызметкерлердің жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмеуі жағдайлары анықталып, осыған байланысты оларға әлеуметтік тө­лем берілмеген. Сондай-ақ ен­ді­гі кезекте бизнесмендер өз қыз­мет­­керлеріне ақша төлеуге мін­дет­телді. Жақында күшіне енген жаңа Еңбек кодексі бойынша 42 500 теңгені енді жұмыс беруші тө­лей­тін болды. Бұл норма төтен­ше жағдай кезінде болмады, бірақ 12 мамырдан бастап барлық кә­сіп­орын мәжбүрлі демалысқа жі­берген адамдарға ең төменгі жала­қыны беретін болды. Мамандарлың айтуынша, дағ­да­­рыс ең алдымен шағын биз­нес­­ті күйретеді екен. Осылайша, жұ­мыс­сыз қалған немесе тұрақты табысынан айырылғандар саны артады. Егер шұғыл шара қа­был­­данбаса, Қазақстанда жұмыс­сыз­дық деңгейі бірден 4,8 пайыздан 13,7 пайызға көтеріледі-мыс. Сол себепті қазіргі кезде жұмыс орын­дары мен халықтың табы­сын сақ­тап қалудың бірнеше жолы қа­рас­тырылып жатыр.  

 width=Абылайхан ЖҰМАШ