Той-томалақ өткізуге әлі де рұқсат жоқ
Той-томалақ өткізуге әлі де рұқсат жоқ
Фото: Интернеттен алынды
201
оқылды
Алматыда үйлену тойлары мен банкеттерге әлі де тыйым салынады. Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин тойға әлі рұқсат берілмегенін айтты.
«Рұқсат жоқ. Бүгінде Алматыда тамақтану орындарына жұмыс істеуге мүмкіндік берілді. Бірақ түрлі банкет, мерекелік шаралар, ұжымдық басқосуды қоғамдық тамақтану орындарында өткізуге тыйым салынған», – деді Жандарбек Бекшин.
Еске сала кетейік, Алматыда дәмханалар мен тамақтану орындары 25 мамырдан бастап жұмыс істеп жатыр. Талап бойынша бір отбасының мүшелерін қоспағанда, көрші үстелдерде отырған қонақтардың арасындағы қашықтық ­кемінде 2 метр болуы тиіс. Бір үстелге 4-ден артық адам отыруға болмайды. Қоғамдық тамақтану орындарына кешкі сағат 23:00-ге дейін жұмыс істеуге ғана рұқсат етілген.