Бала қорғаусыз қалмасын
Бала қорғаусыз қалмасын
471
оқылды
1 маусым – Халық­ара­лық ба­­лаларды қор­ғау күні! Бұл күн – бала­лар үшін ерекше мей­­рам. Ол күні мерекеге орай ар­найы ойын-сауық кеш­тері, сал­та­натты ша­ралар өткізі­ле­ді.  Алайда біз ба­ла­ларды тек мере­ке­сін­де ғана қор­ғауымыз керек пе? Бала мейірімге бө­ле­­ніп өсуі тиіс. Олар­дың ба­қытты ба­лалық шағы үшін ата-ана ғана емес, қо­ғам да жауап­ты. Қор­ғансыз сәби, бейкүнә бүл­діршін зәбір көрмеуі үшін не істеген жөн? Біз балаларға қаншалықты қамқорлық көр­сетіп жүрміз?  Олар қиянат көріп жүрген жоқ па? Біз бүгін осыны бағамдап көрсек.   

Үлкендер жасаған әлімжеттік

Бұрын балаларды зорлау қыл­мысы бойынша жаза мерзі­мі 15-20 жылдан басталып жо­ғары кете беретін. Енді 20 жыл және өмір бойына бас бос­тан­дығынан айыру жазасы бола­ды. Бала өлтіргені үшін де сон­дай жаза қарастырылған. 2019 жылғы қыркүйек айындағы есеп бойынша  ішкі істер ор­ган­дары 1 350 педофил мен 2 831 зорлаушыны тіркеген. Ал кә­ме­летке толмағандарға қар­сы жы­ныстық сипаттағы зор­лық-зом­былық жасағаны үшін сот­талған 1 575 адам түзету меке­ме­лерінде жазасын өтеп жатыр. Одан бөлек, судьялар бала­ларға жасалатын азғындық та жыл сайын 1-2 пайызға артып келе жатқанын айтады. Сора­қы­­­лығы сол, кейбір ере­сек­тер нау­қас балалардың әлсіздігін пай­даланып, оларға ойына кел­ген ісін жасайды. Көп жағдайда баланың анасы қыл­мысты біле тұра, отбасының ты­ныш­тығын сақтау үшін ол туралы құзырлы органдарға шағым­дан­байды екен. – Мәселен, былтыр сал ау­руы­на шалдыққан қыздың ше­ше­сімен 10 жылдай бірге тұрған өгей әкесі үйіне мас болып келіп, қыздың бөлмесіне кіріп кеткен. Ол үйде ешкімнің жоқтығын пайдаланып, кәмелет жасқа тол­маған қызға азғындық жасамақ болған. Бұл жағдайды қыздың анасы терезеден байқап қалған. Жәбірленуші болған жайды бүкпесіз анасына айтып береді. Сосын полицияға хабарлап, тер­геу жүргізіліп, өгей әке сот шешімімен 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, – дейді Шымкент қаласының кә­ме­летке толмағандардың істері жө­ніндегі мамандандырылған ауда­н­аралық сотының төрағасы Дәурен Сайханов. Сонымен қатар педофилия бо­йынша айғақтарды бұрма­ла­ғаны, жасырғаны үшін, жасы­рып қана қоймай, біліп тұ­рып хабарламағаны үшін де жауап­кершілік көзделген. Бұл әре­кет­тер ауыр қылмыстар сана­ты­на кіреді. Мысалы, бала­ның зорланғаны туралы хабар бер­ме­гендер 6 жылға дейін бас бостан­дығынан айырылуы мүмкін.    width= Айта кету керек, заңда бала­лар мен жасөспірімдерді порно­гра­фияға тартудың алдын алу шаралары да қарастырылды. Пор­нографиялық сипаттағы ма­териалдарды әзірлеу үшін кәме­леттік жасқа толмағандарды актер немесе модель ретінде тарт­қандар 5-7 жылға бас бостан­ды­ғынан айырылады.  

300 адам ата-ана құқығынан айырылды

Қазақстанда 12 мың бала берекесіз отбасында тәрбие­ле­ніп жатыр. Бұл туралы ІІМ Ювеналды полиция және әйел­дер­ді зорлық-зомбылықтан қор­ғау басқармасының басшысы Әсет Оспанов Білім және ғылым министрлігінің Facebook желі­сін­де өткен бри­финг­те айтты. – Қазіргі таңда ішкі істер органдарының есебінде 8 мың берекесіз отбасы бар. Онда шама­мен 12 мың бала тәрбие­леніп жатыр. Бірақ жыл сайын ондай отба­сылардың саны азайып келе­ді. Мысалы, осыдан 2-4 жыл бұрын олардың саны шамамен 9-10 мыңдай болды, – деді. Оның айтуынша, мек­теп­те оқу жылы аяқталып, бала­лар жазғы каникулға шыққан кезде далада жиі жүреді. Осы уа­қыт­та полиция кәмелет жасы­на толмағандарға алкоголь, те­мекі өнімдерін заңсыз сату, олар­дың түнгі уақытта көңіл кө­те­ру орын­дарында, адам тұру­ға жара­май­тын үйлерде жүру факті­сін анықтауға кіріседі. Аталған фактілер бойынша биыл әкімшілік жауапкершілікке 1 500-ден астам кәсіпкер, 500-ге жуық көңіл көтеру мекемесінің иесі тартылған. Сонымен қатар 2 мыңға жуық ата-ана баласына қарамағаны үшін ескерту алса, 300 адам ата-ана құқығынан айы­рылған. «Бала – болашағымыз» дей­міз, бірақ өзіміз солардың тәр­биесіне көп мән бере қоймаймыз. Қылмыс жасап немесе зорлық-зом­былықтың құрбаны болып жат­са ғана «аһ» ұрамыз. Олай бол­са, жылдың бір күнін ғана емес, әр күнін балаларға арнасақ құба-құп!  

 width=Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ