Ақтау ажарлана түспек
Ақтау ажарлана түспек
5,255
оқылды
Биыл Ақтауда 50 мың шаршы метр аумақты көгал­дандыру жоспарланып отыр. Бұл жаңа бастама бол­мақ. Осы уақытқа дейін шаһарда көктем айла­рында жас талдар мен гүлдер ғана егілетін. «2019 жылы қала аумағында 1 150 дана ағаш, 3 000 дана раушан гүлі, 12 000 дана бұта, 218 000 дана бір жылдық гүл отырғызылды. Биыл талды аз отырғызып, бұрынғыны сақтау мен барлығын күтіп-баптауға ерекше көңіл бөлінеді. Жаңадан суару құбырларын шағынаудан периметрлері, саябақтар, сквер­лер және әуежай жолына орнатылуда. Қаланың орталық жолдарында арнайы суару техникаларын жүргізбей, ша­ғынаудан іштеріне жұмыл­дырады. Одан бөлек, шағын­аудан периметрлері, саябақтар, скверлерге органикалық ты­ңайтқыштар төселуде. Қалаға осы жылы тек 200-ден астам шырша тәріздес талдар мен орталық көшелерге бір жылдық гүлдер мен раушан гүлдері отыр­ғызылуда», – деді Ақтау қа­лалық тұрғын-үй коммунал­дық шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайрат Ақыбаев. Сонымен қатар биыл жа­сыл желекті уақытылы суаруға да ден қоймақ. Шаһардың жа­сыл желегін жайқалту мақса­тында суару үшін үнемді тәсіл­дер енгі­зілуде. Әр ағашты түп-та­мы­рымен суарудың өзіндік арнайы, жаңа технологиялық әдістері пайдаланылмақ. Гүл мен көгал егілген жерлерге сприн­­клерлік, яғни шашы­ра­тып суару әдісі қосылған. Ал­дағы уақытта бүр­кіп шашу әдісі, яғни авто­ма­тикалық су жүйесі барлық сая­баққа қойы­лады. Таңертең және кешке суаратын болады. Қала аумағында 3 және 5 текше метрлік құтылар орна­ты­луда. Оларға үнемі су толты­ры­лып, соның арқасында көк шөп пен гүлдестелер әрдайым суға қанып тұрады. «Мүгедектерді қолдау қоғамы «Атамекен» ҚБ жақында ғана әуежай жолына осындай екі су бөшкесін ор­натты. Ал қала ішіндегі ша­ғынау­дандардағы талдарды су тасы­малдаушы көліктермен суарады», – дейді Қайрат ­Ақы­баев.    width= Көгалдандыру жұмысына 150-ден астам жұмысшы жұ­мылдырылған. Қазіргі таңда жұмысшылар саябақтағы бар ағашты суарып, «ауру» ағаш­тарды емдеп, тамырына құрт түскен талдарды әктеуде. Ақтауды абаттандыру да ширай түсті. Қала аумағындағы орындықтар мен қоқыс жә­шіктерін сырлау және күтіп ұстау, балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдарын әрлеу жұ­мыстары жүргізілді. Сонымен қатар қала аумағындағы ес­керткіштерді жуу, шағын сәулет нысандарын сырлау, жаяу жүргіншілер жолдарын күтіп ұстау жұмыстары жасалды. Жақында Ақтауда көпқа­батты тұрғын үйлердің сыртын бояу жұмыстары басталады. Биыл 157 үйдің қасбеті түрлі түске енбек. Шаһардың көр­кін асырған ауқымды іске қаражат жергілікті бюджеттен бөлінді. Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртын жап­пай бояу соңғы он жылда жүр­гізілмеген. Осы уақыт ішінде 10 шақты үйдің сырты ғана жаңарды. «Жолдың бойындағы тұрғын үйлердің қасбеттерін архи­тектуралық талаптарға сәйкес бояуды қолға алып отыр­мыз. Барлығы 440 213 шаршы метр ғимарат сырла­нады. Бұл деге­німіз – қаладағы 21 шағынау­данның орталық көше жағын­дағы көппәтерлі тұрғын үйлерін қамтитын бо­лады. Түсіне қа­тысты бірнеше үлгілері жа­салады», – деді Ақтау қалалық тұрғын-үй ­ком­муналдық ша­руашылығы бөлімінің басшысы Қайрат Ақыбаев.  

Жазира ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ