Мемлекет басшысы Қазақстан үшін ЕАЭО-ның аясындағы экономикалық одақ ретіндегі әлеуетін нығайту әлдеқайда маңызды екенін «Комсомольская правдаға» берген сұхбатында атап өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатта Қазақстанның Ресей Федерациясы мен Беларусь елінің одағы құрамына ену туралы жоспары жоқ екенін айтты.
«Ресей мен Беларуссияның одағына кіру біздің жоспарымызда жоқ. Бұл ұйым аясында интеграцияны одан әрі дамытуға ғана басымдық береміз, – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан үшін ЕАЭО-ның аясындағы экономикалық одақ ретіндегі әлеуетін нығайту әлдеқайда маңызды.
«2025 жылға қарай ортақ энергетикалық және қаржылық нарық қалыптасады. Мұнда цифрлы бағыттағы өзара іс-қимыл – перспективалық мақсатта еліміз үшін маңызды рөл атқарады», – дейді Президент.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтары үшін Ресей «ең жақын мемлекет және болашақта да солай болып қала беретінін» де айтып өтті.