Сот төрағасы серттен тайды
Сот төрағасы серттен тайды
249
оқылды
Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың ал­дын алу бөлімімен бірлесе отырып, Бостандық аудандық со­ты­ның төрағасын пара алды деген күдікпен әшкереледі. Сы­байлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері берген же­дел деректерге сүйенсек, судья параны делдал арқылы алған. «Делдал – сот отырысының хатшысы. Судья борышкерге Қа­зақстан Республикасынан тыс жер­лерге шығуына санкция бер­ген. Сол үшін үлкен мөлшерде пара алды деген күдікке ілініп отыр», – деп хабарлайды Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі. Ведомствода атап өткендей, 22 қаңтарда іс материалдарын зер­делегеннен кейін, Бас прокурор судьяға қатысты сотқа дейінгі тер­геуді бастауға келісім берген. Тергеу аяқталғаннан кейін кү­діктінің кінәсі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды. Бұған дейін Алматыда 2019 жыл­дың 26 қазанында Наурызбай ау­дандық сотының судьясы пара алу фактісімен құрықталған болатын. Елімізде судьялар күніне 10-ға жуық үкім шығарады. 2019 жылы орташа есеппен айына бір судья пара алу дерегімен құрықталған.   Мадияр ТӨЛЕУОВ