Партияның міндеті – қоғамдық бақылауды күшейту
Партияның міндеті – қоғамдық  бақылауды күшейту
422
оқылды

Қазақстан Президенті Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады.

Мемлекет басшысы Үкімет, Мәжіліс, мәслихаттармен өзара іс-қимылдарды күшейту, бастауыш партия ұйымдарын нығайту қажет екенін айт­ты. Қасым-Жомарт Тоқаев сай­лауалды уәделердің орындалуы үшін партиялық және қоғамдық ба­қылауды қамтамасыз етуге назар ау­дарды.

– Партияның міндеті – сайлауалды уә­делердің орындалуы үшін қоғамдық бақылауды күшейту. Халықтың бар­лық аманатының орындалуын қатаң бақы­лауға алып, олардың нақты орын­далуын қам­тамасыз ету керек. Елімізде жүргі­зі­ліп жатқан рефор­ма­лардың мәнін ха­лық­қа уақытылы әрі тиімді жеткізу маңызды, – деді Қа­зақ­стан Президенті.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі және жас мамандардан прези­дент­тің кадрлық резервін жа­сақ­тауда пар­тияның жұмысын жан­дан­дыру үшін бір­қатар тапсырма бер­ді.