Премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Үкіметтің қаулысымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Ол 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған.
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады.
Түрлі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді.
2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2015-2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2016-2018 жылдары — Атырау қаласының әкімі.
2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.