Елбасына тіл тигізген қарағандылық сотталды
Елбасына тіл тигізген қарағандылық сотталды
357
оқылды
12 сәуірде  қарағандылық Арман Хасенов өз көлігінде отырып , ұялы телефонына бейне жазба түсірген. Ол Қазақстанда өмір сүрудің қиын екенін, әділдіктің жоқ екенін айтып күйінген. Сонымен қатар Арман  Хасенов елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты қорлайтын сөздер айтып, ренішін білдірген еді. Бұл жазба әлеуметтік желіге тез тарап кеткен. Кейін көп ұзамай Арман Хасенов полицияның құрығына іліккен еді, - деп жазады inbusiness.kz. Темір торға түскен соң қарағандылық жұрт алдында Елбасыға тіл тигізгені үшін кешірім сұрады. Бүгінде Қазыбек би аудандық соты аталған азаматқа қатысты үкімін шығарды. Сот шешімімен ҚК 373 бабы 2 бөлігі бойынша Арман Хасеновтің  үш жылға бас бостандығы шектелді.
«Хасенов өз кінәсін толық мойындап, бұл қылығы үшін өкінетінін жеткізді. Сол себепті сот Хасеновті қоғамнан алшақтатпай - ақ оның түзелуіне мүмкіндік болады деген шешімге келді», – деп мәлімдеді судья Манат Жұмақаева.