Ұлттық қауіпсіздік жүйесі жетіле түседі
Ұлттық қауіпсіздік жүйесі жетіле түседі
359
оқылды
Қазақстан Президенті Ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасының кеңейтілген оты­рысын өткізді. Бұл ту­ра­лы Ақорданың  баспасөз қыз­меті хабарлады. Мемлекет басшысы өткізген жиынға Ұлттық қауіпсіздік ко­митеті орталық аппаратының және аймақтық бөлімшелерінің басқарушы құрамы қатысты. Жиын алдында Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік мін­деттерін атқару кезінде қаза болған ҰҚК органдары қызмет­кер­лерін еске алуға арналған сте­лаға гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ ҰҚК орталық аппара­тының 2017 жылы қайта жөндеу­ден өткен музейіндегі Тәуелсіздік алған сәттен бергі Комитеттің даму тарихын қамтитын экспо­зицияны көрді. Отырыс барысында Қа­зақ­стан Президенті ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің баян­да­масын, комитеттің құ­ры­лымдық және аймақтық ор­гандары басшыларының есебін тыңдады. Жиын соңында Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру мақ­сатында бірқатар нақты тап­сырма берді.