Тілсіз жаудан қауіп көп
Тілсіз жаудан қауіп көп
364
оқылды
Биыл жаз басталмай жатып Қызылорда облысы бойынша 15 адам суға кетіп, тілсіз жаудың құр­баны болды. Соның ішінде 2 жас­өспірім бала рұқсат етілмеген жерге суға түскен, соның кесірінен суға кетті. Ал тағы 3 бала балық ау­­лай­мыз деп құрбан болған. Оған қоса, тағы екі жасөспірім белгісіз күйде ажал құшқан. Суға түсу маусымы басталған сәт­тен бастап, төтенше жағдай қызметкерлері ауыл-ауылды аралап, сақтық шараларын, түсіндіру жұ­мыс­тарын жүргізіп келеді. Бірақ нәтижесі шамалы. Бүгінгі күні көп­­ші­лік халық қолданатын әлеу­мет­тік же­лілерге де үгіт-наси­хат жұ­­мыстары жүргізіліп жа­тыр. Алай­да Қызылорда облысы Тө­тен­­ше жағ­дай департаменті апаттық құтқару жұ­мыс­тары қызметі бастығының орынбасары, Б.Ембергенов жедел-құтқару жасағының басшысы тұр­ғын­дардың суға кетудегі бас­­ты себе­­бін азаматтардың су ай­­дын­да­рына барған кезде­гі қауіпсіздік ере­желерін сақтамауы­мен байла­ныс­­тырып отыр. – Қазіргі уақытта күннің тем­пе­ра­турасы жоғары болғанымен судың температурасы төмен. Адамның денесі қызып тұрғанда салқын суға бірден түсуге, суда ұзақ уақыт болуға болмайды. Жыл сайын тілсіз жаудан сақтанудың алдын алу мақсатында суға түсу маусымы басталарда құт­­қа­ру­шы­лармен судағы төтен­ше жағ­дай­лардың алдын алу және бол­­­дырмау мақсатында бірша­ма жұ­мыстар атқарылады. Құтқару­шылар судағы қауіпсіздік ережелері бойынша облыс және Қызылорда қала­сындағы ұжымдарда, оқу орын­дарында және халық арасында әңгі­ме­лесулер мен кездесулер ұйым­дас­­­ты­ра­ды, судағы қауіпсіздік ере­­­желе­рі туралы парақшалар та­ра­­та­ды. Көліктік бақылау инс­пек­­циясы, ішкі істер және төтен­ше жағдайлар бөлімдерінің қызмет­кер­лерімен бірлесіп, құтқарушылар Арал теңізінде және көлдер, сон­дай-ақ облыстың басқа да су ай­дын­дарында балық аулайтын орын­дар­да рейдтер өткізеді, – дейді Қызы­лор­да облысы Төтенше жағдай депар­та­менті өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметі басты­ғы­ның орынбасары жедел-құтқару жа­сағы­ның басшысы Бақыт Ембер­ге­нов. Тыйым салынған және бей­та­ныс жерлерге шомылуға, кө­пір­­лер мен жағалаулардағы бөгет­ше­лерден және қайықтардан суға секі­руге бол­майтынын, қатты ыс­тық­та және кеш батқанда, та­мақ­тан­­­ған­нан кейін терлеп тұр­ған­да, соны­мен қатар спирттік ішім­дік іш­кен­нен кейін суға түсуге тыйым салынатынын, шектейтін ар­найы белгілерден асып кетуге бол­­май­­ты­нын, қараусыз қалған немесе тех­никалық жөндеуге кел­мей­тін қайық­тарды қолдануға бол­май­тынын ескертеді. – Соңғы 4 күн ішінде облыс бо­йынша Сырдария өзені мен Ста­лин каналында 4 қайғылы жағ­дай болды. Суға кеткендердің 2-еуі – мектеп жасын­дағы балалар. Ал былтыр су ай­дын­дарында 26 адам қаза тап­қан еді. Өкі­нішке қарай, оның 10-ы – жас­өспірім балалар. Жыл басы­нан бері 8 адам қаза тапты. Оның 3-еуі балық аулау кезінде көз жұмды. Қазгидрометтің бізге ескер­туі бойынша күннің ысуына байла­нысты суға түсу маусымы ерте ашыл­ды. Осыған байланысты 1 ма­м­ыр­дан бастап тоқтаусыз рейдтік іс-шаралар өткізілуде. Күні бүгінге дейін 160-тан астам рейдтік шаралар өткізілді. Тыйым салынған жерлерге суға түскен тұрғындарға ескерту жасалынды. Оған қоса, құтқару жа­сағында құрал-жабдықтар 100 па­йыз жеткілікті деп айта алмай­мыз. Жергілікті бюджеттен бөлін­ген қаржыны су астында жүзу құрал­да­рын жаңартуға жұмсап жатыр, –деді Б.Ембергенов мырза.  

Миуа БАЙНАЗАР,  Қызылорда облысы