Шымкентте жүргізуші полицейдің погонын жұлып алды
Шымкентте жүргізуші полицейдің погонын жұлып алды
© сурет интернеттен алынды
261
оқылды
Полицейдің заңды талабына бағынбай, погонын жұлып алған шымкенттік жауапқа тартылып жатыр.
27 мамырда Арғынбеков пен Жібек жолы көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алған. Осы жайт бойынша оқиға орнына барған полиция қызметкерлері "Subaru"” автокөлігінің жүргізушісін арнайы автокөлікке отырғызып, мастығын куәландыру мақсатында наркологиялық диспансеріне алып бара жатқан уақытта 41 жастағы жүргізуші полиция қызметкеріне өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, қорлап, погонын жұлып алған.
Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 378-бабының 1-бөлігі (билік өкiлiн қорлау) бойынша тіркелді.