Nur Otan партиясының праймеризін өткізу ережесі
Nur Otan партиясының праймеризін өткізу ережесі
205
оқылды
Алдын ала партияішілік іріктеу – праймериз барлық деңгейдегі мәслихаттарға және Қазақстан Республи­касы Парламентінің Мәжі­лісіне сайлау болып табылмайды және партия­ның барлық деңгейдегі мәслихат­тарға және Қазақстан Республикасы Парла­ментінің Мәжілісіне кандидат­тар­дың пар­тия­лық тізімдерін ұсыну рәсімі болып табыл­майды.  

1. ЕРЕЖЕДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

1) праймериз – Қазақстан Республи­касы Парламентінің Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутат­тыққа, партияның, филиалда­рының органдарына кандидаттарды ұсынуға және мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыным жасауға арналған партиялық тізімдерге одан әрі енгізу үшін алдын ала партияішілік іріктеу; 2) байқаушы – партия мүшесі, прай­меризде дауыс беру барысына қада­ғалауды жүзеге асыратын, кандидат­тың сенім білдірілген адамы; 3) есеп комиссиясы – дауыс беру­ді ұйымдастыру мен өткізуді, оның қорытындыларын айқындауды қамта­ма­сыз ететін, өңірлік, аумақтық және бастауыш партия ұйымдарының дең­гейін­дегі учаскелік есеп комиссияла­рынан тұратын құрылым; 4) жария пікірсайыс – жұртшы­лық­тың кеңінен қатысуымен, бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі – БАҚ) жариялаумен әртүрлі қоғамдық маңызды мәселелер бойынша екі және одан да көп кандидаттардың пікір алмасуы; 5) жанама сайлау – партия мүшеле­рінің еркі арнайы тұлғалар – филиалдар конференцияларының делегаттары (сайлаушылар) арқылы білдірілетін сайлау; 6) кандидат – осы Ережемен белгі­лен­ген тәртіпте тіркелген праймеризге қатысушы; 7) құпия дауыс беру – қатысушылар жасырын дауыс беретін дауыс беру түрі, бұл ретте дауыс берушінің еркін білдіруін бақылау жоққа шығарылады; 8) партиялық квота – тиісті мәсли­хаттар мен Парламенттің Мәжілісіндегі мандаттардың санынан партиялық тізімдердегі кандидаттардың үлесі. Партиялық квотаға партияның белсенді, танымал, партияда көпжыл­дық еңбек өтілі бар, партиялықтар ара­сында беделді және халықтың сенімі білдірілетін, кәсіби қызметінде және қоғамдық өмірінде жетістіктері бар партия мүшелерінің қатарынан кандидаттар қосылады. Осы Ережеде квоталардың келесі түрлері қолданылады: – Аудандық және қалалық пар­тия­лық квота – партия аумақтық фи­лиа­лының төрағасы айқындайтын тиісті мәслихаттардағы мандаттардың санынан 30%; – Өңірлік партиялық квота – пар­тияның облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық филиалдарының төрағалары айқындайтын тиісті мәсли­хат­тардағы мандаттардың санынан 30%; – Орталық партиялық квота – Төра­ға, Партияның басқарушы орга­ны ай­қын­дайтын Парламенттің Мәжі­лі­сін­дегі мандаттардың санынан 50%; – әлеуметтік топтар бойынша квота – партиялық тізімдердің сапалы құ­ра­мына қойылатын талаптар: пар­тия­лық тізімдерде кем дегенде 30% әйел­дердің және 20% 35 жасқа дейін­гі жастардың болуы. Көпбалалы ана­лар­дың, қандастардың, ерекше қажет­ті­ліктері бар адамдардың және басқа да әлеуметтік топтардың өкілдері сайлау­шы­лардың өңірлік құрылымына сәйкес енгізілуі мүмкін; – партиялық тізімдердегі өкілдігінің квотасы – облыстық мәслихаттарға ар­нал­ған партиялық тізімдердегі әрбір аудан және қала үшін, қалалық мәсли­хаттарға арналған партиялық тізім­дерде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қала­ларының әрбір ауданы үшін аудан­дар мен қалалар сайлаушыларының мөл­шеріне пропорционалды түрде айқын­да­латын квота; – Парламенттің Мәжілісіне арналған партиялық тізімдегі өңірлер өкілдігінің квотасы – өңірлер сайлаушыларының мөлшеріне пропорционалды түрде айқындалатын, Парламенттің Мәжілі­сіне арналған партиялық тізімде әрбір облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары үшін квота; 9) рейтингтік дауыс беру – сайлаушы (партия мүшесі) оған дауыс беру үшін берілген бюллетеньге енгізілген кандидаттардың кез келген саны үшін дауыс бере алатын дауыс беру жүйесі; 10) сенім білдірілген адам – кан­ди­датқа праймеризге қатысуға ұйым­дас­ты­ру жағынан көмек беретін партия мүшесі; 11) тікелей сайлау – партия мүшелері кандидаттарды тікелей және өзі сайлай­тын сайлау; 12) штаб – кандидаттың сенім біл­ді­рілген тұлғаларының қатарынан қалып­тастырылған, праймериз өткізу кезеңін­де кандидатқа жұмысты ұйымдастыруға көмек көрсететін адамдар ұжымы.  

2.ПРАЙМЕРИЗДІҢ МАҚСАТЫ

 Парламент Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау.  

3. ПРАЙМЕРИЗДІҢ МІНДЕТТЕРІ

1) «Мықты лидерлер – Мықты пар­тия» қағидаты бойынша нақты әрі мық­ты лидерлерді анықтау және тарту; 2) белсенді және бастамашыл азамат­тар үшін партиялық желі бойынша «әлеуметтік саты» жасау; 3) қалың бұқараны елімізді дамыту мәселелерін талқылауға тарту; 4) жүйелі өңірлік партиялық саясат­ты қалыптастыру үшін өзекті әрі нақты жергілікті проблемаларды анықтау; 5) қалалар мен аудандарда партия бағдарламаларының танымалдығын арттыру; 6) бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру және оларды партиялық қызметке тарту; 7) партия мүшелерінің партиялық тізімдерді қалыптастыруға қатысуын кеңейту; 8) танымал партия тізімдерін қалып­тас­тыру; 9) кандидаттардың дербес жауап­кер­ші­лігін арттыру.  

4.ПРАЙМЕРИЗДІҢ ҚАҒИДАТТАРЫ

1) жарыспалылық – бәсекелестік сайлау, партияға жаңа мүшелерді тарту, партиялық кандидаттарды барынша даярлау; 2) заңдылық – Қазақстан Республи­ка­сының заңдарын қатаң түрде сақтау; 3) айқындылық – партиялық тізім­дер­ді қалыптастырудың айқын, әділетті схемасы, субъективтік факторлардың әсерін төмендету; 4) сайлау құпиясы – әрбір сайлау­шының шешімі – оның жеке таңдауы, праймериздің барлық кезеңдерінде құпия дауыс беру қағидатын енгізу; 5) диалог үшін ашықтық – пікірсайыс жүргізу, барлық ниеттенушілер үшін қоғамды дамыту мәселелерін талқылау мүмкіндігі.  

5. ПРАЙМЕРИЗДІҢ КЕЗЕҢДЕРІ

1) кандидаттарды ұсыну және тіркеу; 2) кандидаттарды үгітке даярлау; 3) үгіт жұмысы; 4) дауыс беруді өткізу; 5) тізімдерді дайындау.  

6. ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘРТІБІ МЕН ӨКІЛЕТТІКТЕРІ

 6.1. Ұйымдастыру комитеттерін қалыптастыру тәртібі. Праймеризді дайындау мен өткізу мақсатында Орталық, өңірлік және аумақтық ұйымдастыру комитеттері құрылады. 1) Орталық ұйымдастыру комитетінің құрамы мен құрылымы партия Төрағасы Бірінші орынбасарының бұйрығымен бекітіледі. Орталық ұйымдастыру комитетінің құрамы Партия орталық аппараты қызметкерлерінің қатарынан құрылады; 2) өңірлік ұйымдастыру комитеттері партияның облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық филиалдары жанынан, аумақтық ұйымдастыру ко­ми­теттері – ірі бастауыш партия ұйым­дарының базасында құрылған филиал­дарды қоспағанда, партияның аумақтық филиалдары жанынан құры­лады. Партия тиісті филиалдары Саяси кеңес бюроларының шешімімен өңір­лік және аумақтық ұйымдастыру коми­теттерінің құрамдары мен басшылары бекітіледі. Басшылар партия филиал­дары төрағаларының бірінші орынба­сарлары, орынбасарлары және ұйым­дастыру комитетінің басқа да мүшелері қатарынан бекітіледі. Өңірлік және аумақтық ұйымдас­ты­ру комитеттерінің құрамына филиал­дардың қызметкерлері, партия филиал­дары Саяси кеңестерінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының бас­шылары мен бюросының мүшеле­рі, мемлекеттік органдардың қызмет­керлері болып табылмайтын «Jas Otan» Жастар қанатының мүшелері кіреді. Мүшелердің ұсынылатын саны 7-ден 20 адамға дейін. 6.2.Орталық ұйымдастыру комите­тінің өкілеттіктері: 1) өңірлік және аумақтық ұйымдас­ты­ру комитеттерінің жұмысын үйлес­тіреді, әдістемелік сүйемелдеу көрсе­те­ді, сондай-ақ праймеризді өткізу ашық­тығын қамтамасыз етеді; 2) Праймериз өткізудің республи­ка­лық күнтізбелік жоспарын (бұдан әрі – күнтізбелік жоспар) және ақпараттық сүйемелдеудің медиажоспарын бекітеді; 3) партияның ресми интернет-ре­сур­­сында, БАҚ-та және әлеуметтік желі­лерде праймериздің басталуы тура­лы хабарламаны, оны өткізу барысы мен қо­рытындылары туралы ақпаратты орналастырады; 4) өңірлерге партиялық тізімдерді қалыптастыру критерийлерін жеткізеді; 5) бюллетеньдер нысанын, санын бекітеді; 6) Партия орталық аппараты қызмет­керлерінің праймериз өткізу кезеңінде өңірлерге баруын ұйымдастырады; 7) партиялық тізімдердің сапалы құра­мына талдау жүргізеді. 6.3. Өңірлік және аумақтық ұйым­дасты­ру комитеттерінің өкілеттіктері: 1) өңірлік ұйымдастыру комитеттері аумақтық ұйымдастыру комитеттерінің, есеп комиссияларының жұмысын ұйым­дастырады және үйлестіреді; 2) жергілікті БАҚ-та, әлеуметтік желілердегі партия филиалдарының аккаунттарында праймериздің басталуы, өткізу барысы және қорытындылары туралы ақпаратты орналастырады, масс-медиа өкілдері үшін брифингтер ұйымдастырады; 3) бастауыш партия ұйымдары бө­лі­нісінде Орталықтандырылған дерек­тер базасының негізінде дауыс беру үшін партия мүшелерінің тізімдерін нақтылайды және қалыптастырады және оларды есеп комиссияларына береді; 4) кандидаттардың құжаттарын қабылдауды жүргізеді, кандидаттардың тізімдерін, оның ішінде партияның ресми интернет-ресурсындағы ақпа­рат­тық жүйеде тіркейді және қалып­тас­тырады. Кандидаттардың сапалы құрамына қойылатын талаптарға сәйкес келуіне қатысты талдау жүргізеді; 5) жазбаша және онлайн-өтініштер негізінде партияның интернет-ресур­сында бірыңғай кандидаттар базасын қалыптастырады; 6) кандидаттардың сенім білдірілген адамдарының тізімін қалыптастырады; 7) кандидаттардың жеке желілік кестелерін қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады және олардың іске асырылуын үйлестіреді; 8) өңірлік ұйымдастыру комитеттері канди­даттар үгіт жұмысының барысын­да пайдаланатын қаражат лимитін бел­гілейді; 9) кандидаттар үгіт барысында пар­тия мүшелерінен алған ұсыныстарды жиынтықтауды жүзеге асырады; 10) кандидаттардың жария пікір­сайыс­­тарын ұйымдастырады; 11) жария пікірсайыстарды, дауыс беруді жүргізу кезінде қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етеді; 12) өңірлік ұйымдастыру комитеттері дауыс беруге арналған бюллетеньдер да­йындау мен жеткізуді қамтамасыз етеді; 13) дауыс беруге арналған үй-жайлар­ды айқындайды және оларды дауыс беру урналарымен, құпия дауыс беру кабиналарымен, кеңсе тауарларымен, ұйымдастыру техникасымен (оның ішінде интернетке қолжетімділігі бар компьютермен (интернет бар болған жағ­дайда), байланыспен қамтамасыз ете­ді. Бюллетеньдерді беру орындарын, байқаушылар мен БАҚ өкілдері үшін орындарды айқындайды; 14) есеп комиссияларының мүшеле­рін оқытуды өткізеді; 15) дауыс беру күні учаскелердің жұмы­сын ұйымдастырады; 16) үгіт жұмысын жүргізуді, жария пікірсайыстарды, дауыс беру процесін бейнетүсіруді қамтамасыз етеді және бей­нематериалдарды Орталық ұйым­дас­тыру комитетіне ұсынады; 17) Сall-орталықтарының жұмысын, әлеуметтік желілер арқылы кері байла­ныс­ты ұйымдастырады; 18) бастауыш партия ұйымдарының партияішілік іріктеуді жүргізу бойынша жұмысын ұйымдастырады; 19) жоғары тұрған ұйымдастыру комитетіне праймериз өткізу барысы туралы ақпаратты апта сайын ұсынады. 6.4. Ұйымдастыру комитеттері прай­меризді ұйымдастыруға және өткізуге арналған шығыстарды қаржы­лан­ды­руды ағымдағы шығыстар, партиялық мүшелік жарналар, Қазақстан Рес­пуб­­ли­касының азаматтары мен мемле­кет­тік емес ұйымдарының қайыр­мал­дық­тары­ның есебінен жүзеге асырады.  

7. ЕСЕП КОМИССИЯЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘРТІБІ МЕН ӨКІЛЕТТІКТЕРІ

7.1. Есеп комиссияларын қалып­тас­ты­ру тәртібі. Дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу, оның қорытындыларын айқын­дау мақсатында өңірлік, аумақтық және учаскелік есеп комиссиялары құры­лады: – өңірлік есеп комиссиялары – пар­­тияның облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық филиал­дары жанынан; – аумақтық есеп комиссиялары – ірі бастауыш партия ұйымдарының база­сында құрылған филиалдарды қос­пағанда, партияның аумақтық филиал­дары жанынан; – учаскелік есеп комиссиялары – бастауыш партия ұйымдарының дең­гейін­де. Партияның тиісті филиалдары Саяси кеңес бюроларының шешім­дері­мен өңірлік, аумақтық және бастауыш пар­тия ұйымдарының деңгейін­дегі учас­келік есеп комиссияларының құрам­дары мен басшы­лары бекітіледі. Есеп комиссиялары партияның бел­сен­ді мүшелері қатарынан 3-тен 9 адамға дейінгі көлемде қалыптас­ты­рылады. Есеп комиссиясының хатшысы комиссия мүшелерінің қатарынан бірін­ші отырыста сайланады. 7.2. Есеп комиссияларының өкілет­тіктері: 1) партия мүшелеріне дауыс беруге 10 күн қалғанда дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабарлайды; 2) аумақтық есеп комиссиялары дауыс беру күні учаскелік есеп комиссия­ларының жұмысын ұйымдастырады; 3) партия мүшелерінің тізіміне сәй­кес дауыс беру күні бюллетеньдер беруді қамтамасыз етеді; 4) бюллетеньдер мен дауыстарды санауды өткізеді, учаскелер бойынша дауыс беру нәтижелерін айқындайды; 5) дауыс беру қорытындылары тура­лы хаттамаларды қалыптастырып, ұсы­на­ды.  

8. ПРАЙМЕРИЗДІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 8.1. Партия филиалдарының төра­ға­­лары, төрағаларының бірінші орын­ба­сарлары, ұйымдастыру комитет­те­рінің, есеп комиссияларының мү­ше­­лері келесілер үшін дербес жауап­кер­шілікте болады: 1) осы Ережеге сәйкес праймериздің ұйымдастырылуы мен өткізілуі; 2) партия Жарғысының 3.6. тармағы­мен көзделген бұзушылықтар үшін: – партия беделін түсіретін әрекеттері (әрекетсіздігі) немесе партия мүддесіне залал келтіретін басқа да әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін; – партия Жарғысын, партия органда­рының бағдарламалық құжаттарын, шешімдерін сақтамағаны үшін. 3) Партия мүшесі Этика кодексінің 8, 9, 14, 17, 18-тармақтарын бұзғаны үшін: – партияның беделін арттыру, оның беделін түсіретін әрекеттер жасауға жол бермеу; – партиялық тәртіпті сақтау, партия­лық этика нормаларын бұзушылыққа жол бермеу; – партиялық беделін қасақана мақ­сат­тарда мүліктік немесе мүліктік емес пайда табу үшін пайдаланбау; – іскерлік этикетті сақтау, өзінің партиялық беделін атап көрсетіп, жеке мақсаттарда пайдаланбау; – өзінің әрекеттерімен және шешім­дері­мен партия атына сөз келтіруге себеп бермеу, өзінің атына айтылған кон­структивті сынды кемшіліктерді жою мен партиялық қызметті жақсарту үшін пайдалану. Партия мүшесі ретінде өзінің атына негізсіз кінә жария тағылған жағдайда, осы кінәлауды жоққа шығаратын ақпаратты тиісті түрде жариялауы қажет. Бұзушылықтар үшін партия қатары­нан шығаруға дейінгі партиялық жазалау шаралары қолданылуы мүмкін. 8.2. Партия филиалдарының төра­ға­лары аудандық, қалалық және өңір­лік партиялық квота бойынша бар­лық деңгейдегі мәслихаттарға арнал­ған пар­тиялық тізімдерге енгізі­летін кан­ди­даттар үшін дербес жауап­кер­шілік­те болады (тиісті мәслихаттардағы мандат­тардың санынан 30%). 8.3. Ұйымдастыру комитеттерінің, есеп комиссияларының мүшелері: 1) осы Ережемен жүктелген міндет­терді, жоғары тұрған комитеттің және есеп комиссиясының шешімдері мен басшысының нұсқауларын орындауға; 2) шешімдерді қабылдау кезінде бейтараптылық пен тәуелсіздік көрсе­туге, сондай-ақ кандидаттардың қызме­тіне жария баға беруден бас тартуға; 3) партия мүшелерінің, канди­даттардың, сенім білдірілген адамдар­дың дербес деректерін қорғауды қамта­ма­сыз етуге міндетті. 8.4. Праймеризге ұсынылатын адам­­дар мен олардың штабтарының мүшелері ұйымдастыру комитеттерінің, есеп комиссияларының, партиялық бақы­лау комиссияларының мүшелері бола алмайды. Бір адам бір уақытта жоғарыда көрсетілген бірнеше орган­дар­дың мүшесі бола алмайды.  

9. ПРАЙМЕРИЗДІҢ ӨТКІЗІЛУІН БАҚЫЛАУ

9.1. Праймериздің өткізілуін бақы­лауды Партиялық бақылау комитеті, өңірлік және аумақтық партиялық бақылау комиссиялары жүзеге асырады. 9.2. Партиялық бақылау комитеті мен комиссиялары: 1) партия филиалдары төрағалары­ның, төрағалардың бірінші орын­ба­сарларының, ұйымдастыру комитет­тері, есеп комиссиялары мүшелерінің, канди­даттардың және олардың се­нім білдірілген адамдарының прай­­мериз өткізу тәртібін, партия Жар­ғы­­сын және партия мүшесінің Этика кодексін бұзғаны үшін осы Ереже­нің 8.1. тармағына сәйкес дербес жауап­кер­ші­лігін қарастырады; 2) келесілерге қатысты өтініштер мен шағымдар бойынша шешімдер қабылдап, қарастырады: – осы Ережемен айқындалған прай­меризді өткізу тәртібін бұзу; – ұйымдастыру комитеттерінің прай­меризге қатысушыларды тіркеуден бас тарту немесе қатысушылар тізімі­нен шығару туралы шешімдеріне шағым­дану; 3) кандидаттың праймеризге қатысу шарттарын бұзу фактілерін қарасты­рады; 4) Орталық ұйымдастыру комитеті­нің бюллетеньдерді бақылап қайта санауы кезінде анықталған деректердің сәйкес келмеу фактілерін қарастырады.  

10. КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ ЖӘНЕ ТІРКЕУ

10.1. Кандидат келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс: 1) Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутатына Қазақстан Республикасы Конституция­сының 51-бабының 4-тармағымен белгіленген талаптарға: – Қазақстан Республикасының аумағында соңғы он жыл ішінде тұрақты тұрып жатқан және жасы жиырма беске толған Қазақстан Республикасының азаматы; 2) мәслихаттың депутатына қойыла­тын және Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабының 3-тармағымен белгіленген талаптарға: – жасы жиырмаға толған Қазақстан Республикасының азаматы; 3) Қазақстан Республикасы Консти­туциясының 33-бабының 3-тармағына сәйкес сайлау құқығын иеленуге: – сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таны­ған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референ­думға қатысуға құқығы жоқ; 4) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 4-бабының 3 және 4-тармақтарымен белгіленген талаптарға. – сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таны­ған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бос­тан­дығынан айыру орындарында отырған адам; – сотталғандығы белгіленген тәртіп­пен өтелмеген немесе алып тасталмаған, сотты­лығы бар адам; – сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам праймеризге қатыса алмайды және кандидат бола алмайды. 5) «Nur Otan» партиясының мүшесі болуы қажет. Кандидат ұсынылған кезде партияның мүшесі болмауына жол беріледі, бірақ ол праймеризге қатысу үшін тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін партияға кіруі тиіс. Партияның беделін түсіретін немесе партия мүдделеріне залал келтіретін әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін пар­тия қатарынан шығарылған тұлға прай­меризге жіберілмейді; 10.2. Кандидаттарды ұсыну: 1) партияның интернет-ресурсында ұсыну мерзімі басталғаны туралы хабар­ландыру жарияланған күннен бас­тап басталады және республикалық күнтіз­бе­лік жоспарға сәйкес өткізіледі; 2) кандидаттарды ұсыну бастауыш партия ұжымының атынан немесе өзін-өзі ұсыну жолымен жүзеге асырылады. Кандидаттар бір облыс, қала, аудан шегінде ғана ұсыныла алады; 3) кандидаттар праймеризге қатысу үшін құжаттарды аумақтық ұйым­дасты­ру комитеттеріне жеке өзі немесе пар­тияның интернет-ресурсындағы ақпа­раттық жүйеде ұсынады. Қажетті құжаттардың тізбесі: – осы Ереженің №1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш, онда мәслихат деңгейі немесе Парламенттің Мәжілісі көрсетіледі; – жеке басын куәландыратын құжат­тың көшірмесі немесе құжаттар ақпа­раттық жүйеде берілген жағдайда, түпнұс­қаның сканерленген көшірмесі; – Қазақстан Республикасы Бас прокура­турасының Құқықтық статисти­ка және арнайы есепке алу комитетінен соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама; – наркологиялық және психоневро­ло­гиялық ұйымдардан анықтамалар; – осы Ереженің №2 қосымшасына сәй­кес міндеттемелерді қабылдайтыны туралы өтініш; – бастауыш партия ұйымы (бас­тауыш партия ұйымынан ұсынылған кан­ди­даттар үшін) жиналысының хат­та­масы; – партиялық билеттің көшірмесі (бар болған жағдайда). Кандидат құжаттардың тізбесімен бірге сенім білдірілген адамдардың тізі­мін ұсынады, оған дауыс беру күніне дейін өзінің өзгерістер енгізу құқығы бар. 10.3. Кандидаттарды тіркеу: 1) аумақтық ұйымдастыру комитет­тері республикалық күнтізбелік жос­парға сәйкес жүргізеді; 2) кандидатты тіркеу өтінім берілген күннен кейін 3 күннен кешіктірілмей, осы Ереженің 10.2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжат­тардың толық пакеті болған жағдайда, ұйымдастыру комитетінің шешімімен жүзеге асырылады. Ұйымдастыру коми­те­тінің мәжілісі оның мүшелерінің жар­тысынан артығы қатысқан жағдайда ол заңды болып табылады; 3) аумақтық ұйымдастыру комитет­тері тіркеу сәтінен бастап кандидатқа праймеризге қатысуға тіркелгені туралы хабарлайды немесе жазбаша нысанда бас тарту туралы уәждемелі жауап береді; 4) кандидаттардың тіркелген тізімде­рі партияның интернет-ресурсында, БАҚ-та және әлеуметтік желілердегі аккаунттарда жарияланады; 5) кандидатты тіркеуден бас тарту немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жою үшін негіздер: – кандидаттың қойылатын талап­тарға сәйкес келмеуі, оның ішінде нар­кологиялық және/немесе психо­нев­ро­­логиялық ұйымдарда есепте тұруы; – кандидат тарапынан партияның беделін түсіретін немесе партия мүдде­леріне залал келтіретін әрекеттерінің (әрекетсіздіктерінің) фактілерін анық­тау; – тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық емес пакетін ұсыну, сондай-ақ егер кандидат тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін партияға кірмесе; – тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін үгіт жүргізу; – кандидаттың осы Ережемен ай­қын­далған праймеризге қатысу шарт­тарын бұзу фактілерін белгілеу. 6) кандидат: – құжаттардың толық емес пакетін ұсынумен байланысты бас тарту үшін негіздерді жойған кезде ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін праймеризге қатысуға арналған құжаттарды қайта беруге; – партиялық бақылау комиссия­сында хабарламаны алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде тіркеуден бас тарту туралы шешімге шағымдануға; – праймериздің кез келген кезеңінде аумақтық ұйымдастыру комитетіне жазбаша өтініш беру жолымен өз канди­датурасын алуға; – үгіт және дауыс беру кезеңінде жұ­мысты ұйымдастыру үшін сенім біл­дірілген адамдар мен жақтаушылар қата­рынан өзін қолдау үшін штаб қалып­тастыруға құқылы. 10.4. Кандидатты ұсынған бастауыш партия ұйымдарының праймериздің кез келген кезеңінде аумақтық ұйымдастыру комитетіне өз шешімін беру жолымен кандидатты кері шақыртуға құқығы бар. 10.5. Өңірлік ұйымдастыру коми­тет­­тері Орталық ұйымдастыру коми­теті­­мен келісілген праймериз қатысу­шы­­ларының қорытынды тізімін қа­­лып­­тас­тырады. 10.6. Кандидаттарды ұсыну мен тір­кеуге қатысты осы Ереженің нор­ма­лары Парламент Мәжілісінің жұмыс істеп отырған депутаттарына қолда­ныл­майды. Парламент Мәжілісінің жұмыс істеп отырған депутаттары тиісті өңір­лердің аймақтық филиал­да­ры­ның бас­шылығымен келісім бойынша об­лыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шым­кент қалаларының конферен­ция­ларындағы пікірсайыстар­ға кандидат ретінде праймеризге қатыса алады.  

11. ҮГІТ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ

 11.1. Үгіт күнтізбелік жоспарға сәй­кес басталады және дауыс беру күнгі сағат 14:00-ге дейін жүргізіледі. 11.2. Праймериз барысында ұйым­дастыру комитеттерінің қалауы бойын­ша өңірлердің ерекшелігі мен елді мекендердің мәртебесі ескеріле отырып үгіттің әртүрлі форматтары қолданылуы мүмкін. 11.3. Үгіт жұмысын кандидаттар тіке­лей өздері келесілерді қамтитын іс-шаралардың желілік кестелерінің шеңберінде жүргізеді: 1) әлеуметтік топтарға бағдарланған тәсілді ескере отырып, партия мүше­лерімен кездесулер өткізу («есіктен есікке», бастауыш партия ұйымдарында, кәсіпорындар мен ұйымдарда кезде­су­лер); 2) БАҚ-тарда және әлеуметтік желі­лерде жарияланымдар мен сөз сөй­леулер; 3) жария пікірсайыстарға қатысу; 4) флаерлер, буклеттер дайындау және тарату. Кандидаттардың үгіт жұмысы және олардың үгіт материалдары партияның жарғылық және бағдарламалық құжат­тарына қайшы келмеуі тиіс. 11.4. Үгіт барысында кандидаттар партия мүшелеріне нақты елді мекен­дердің проблемаларын кәсіби қызметіне сәйкес шешудің өз көзқарасын таныс­ты­рады. Үгіт барысында келіп түскен партия мүшелерінің ұсыныстары жазбаша ны­санда кандидаттардың қолы қойы­лып, аумақтық ұйымдастыру комитеттеріне беріледі. 11.5. Үгіт жұмысы кандидаттардың дербес қаражаты есебінен жүргізі­леді, шетелдік қатысуы бар заңды тұл­ға­лардан немесе шетелдік азамат­тардан, мемлекеттік органдардан қаржы­лан­дыруға жол берілмейді. Кандидаттар ұйымдастыру комитет­терінің талаптары бойынша үгіт жұмы­сына жұмсалатын қаражаттың сомасы туралы ақпаратты ұсынады. 11.6. Үгіт жұмысының барысында канди­даттар мен олардың сенім білді­рілген адамдарына, сондай-ақ олардың тапсырмасы бойынша өзге де адамдар мен ұйымдарға: 1) праймеризге басқа қатысушыларға қарсы бағытталған үгіт жүргізуге, көрі­неу жалған мәліметтер таратуға, олар­дың ар-намысы мен беделіне нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер жасауға; 2) дауыс беру жүргізілетін үй-жайда, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ком­му­­налдық мемлекеттік кәсіпорын­да­ры­ның (денсаулық сақтау, білім беру мекемелері) үй-жайларында, сон­дай-ақ меншік иесінің рұқсатынсыз кәсіп­орындар мен ұйымдардың үй-жай­ла­рында үгіт жүргізуге; 3) әскери қызметшілер, құқық қор­ғау органдарының қызметкерлері мен судьялар, арнайы мемлекеттік ор­ган­дардың қызметкерлері (ұлттық қауіп­сіз­дік органдары, Мемлекеттік күзет қызметі), діни бірлестіктердің басшы­лары мен қызметкерлері арасын­да үгіт жүргізуге; 4) үгітті қандай-да бір адамның жаз­баша рұқсатынсыз бейнесін пайда­ланумен жүргізуге; 5) әлеуметтік, діни және ұлтаралық келіспеушілікті тудыруға бағытталған үгіт жүргізуге; 6) праймеризге нақты қатысушы үшін дауыс беру немесе дауыс бермеу шартымен партия мүшелеріне ақша қара­жатын, құнды сыйлықтар тап­сы­руға, жеңілдік шартымен қызмет көр­сетуге. Бұған үгіт материалдарын ақы­сыз негізде тарату қосылмайды; 7) конституциялық құрылымды, әкімшілік-аумақтық құрылымды, мем­лекеттің бірінші тұлғаларын және пар­тияның басшылығын сынауға алған үгіт материалдарын жариялауға; 8) парақшалар, плакаттар жапсыруға, баннерлер орнатуға тыйым салынады. Мемлекеттік органдардың лауазым­ды тұлғалары болып табылатын канди­даттарға өзінің лауазымдық немесе қызметтік жағдайының артықшы­лық­тарын пайдалануға тыйым салынады.  

12. ЖАРИЯ ПІКІРСАЙЫСТАР ӨТКІЗУ, ПРАЙМЕРИЗДІ АҚПАРАТТЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ

 12.1. Жария пікірсайыс 3 деңгейде өткізіледі: – бірінші (базалық) деңгей – прай­мериз барысында; – екінші деңгей – партияның аудан­дық және қалалық филиалдарының кон­фе­рен­цияларында; – үшінші деңгей – партияның об­лыс­тық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шым­кент қалалық филиалдарының конфе­рен­­цияларында. 12.2. Барлық кандидаттар үшін жа­рия пікірсайыстарға қатысу міндетті болып табылады. 12.3. Кандидаттардың жария пікір­сайыс­тарға қатысу тәртібі: 1) облыстардың аудандарында, қала­ла­рында ұсынылғандар: – аудандық және қалалық мәслихат­тарға үміткер кандидаттар үшін кем дегенде 1 рет; – облыстық мәслихаттарға үміткер кандидаттар үшін кем дегенде 2 рет; – Парламенттің Мәжілісіне үміткер кандидаттар үшін кем дегенде 3 рет. 2) Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында ұсынылғандар: – қаланың мәслихатына үміткер кандидаттар үшін кем дегенде 1 рет; – Парламенттің Мәжілісіне үміткер кандидаттар үшін кем дегенде 2 рет. 3) праймеризге қатысатын Парла­мент Мәжілісінің жұмыс істеп отырған депутаттары партияның облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық фи­лиалдарының конференциялары бары­сында жария пікірсайыстарға 1 рет қатысады. 12.4. Жария пікірсайыстарды өткізу тәртібі: 1) пікірсайыстарды өткізу тілі қаты­су­шылардың қалауы бойынша айқын­далады; 2) пікірсайыстардың жалпы ұзақты­ғы 90 минуттан аспауы қажет; 3) жария пікірсайыстар екі раундпен өткізіледі: – бірінші раундта кандидаттар нақты елді мекендердің проблемаларын шешу бойынша өз көзқарасын таныстырады. Сөз сөйлеу уақытын ұйымдастыру ко­ми­теттері айқындайды, бірақ ол 5 ми­нут­­тан аспауы қажет; – екінші раундта кандидаттар ара­сында «сұрақ-жауап» форматында пікір­сайыс сессиясы өткізіледі. Кандидат өз оппоненттерінің әрқайсысына кем дегенде бір сұрақ қоя алады. Сұрақты тұжырымдауға 20 секунд беріледі, әрбір қаты­сушыға жауапқа 3 минутқа дейін бері­леді. Модератор залдағы көрер­мен­дерге сұрақ қою құқығын бере алады; 4) сөз сөйлеу кезектілігі әрбір раундта жеребемен айқындалады. Жеребе түрін таңдауды ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады; 5) пікірсайысқа қатысушылар өзінің сөз сөйлеуіне қатысты сұрақтарына жа­уап беруге немесе жауап бермеуге құқылы. 12.5. Жария пікірсайыстарды өткі­зуге арналған үй-жайларды: 1) аумақтық ұйымдастыру коми­тет­тері Орталық, өңірлік ұйымдастыру ко­митеттерімен келісім бойынша ай­қын­дайды және олар: – кем дегенде 50 адамды орналас­ты­руға бейімделген; – пікірсайыстарды онлайн-жа­рия­лауды өткізу үшін аудио және бей­не­құрылғылармен жабдықталған, сон­дай-ақ интернет желісіне қосылған (ин­тернет бар болған жағдайда) болу қа­жет; 2) жария пікірсайыстар партия фи­лиал­дарының және бастауыш пар­тия ұйым­дарының ғимараттарында өт­кі­зіледі. Жария пікірсайыстарды жекеменшік иесінің жазбаша рұқсаты бойынша кәсіпорындардың және ұйымдардың үй-жайларында, ауылдық клубтарда, мәдениет үйлерінде Қазақстан Респуб­ли­касының заңнамасына сәйкес іс-ша­раны өткізуге арналған шарт жасалған жағдайда өткізуге жол беріледі. Жария пікірсайыстарды мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінің үй-жайларында өткізуге тыйым салынады. 12.6. Праймериз барысындағы жа­рия пікірсайыстар республикалық күн­тіз­белік жоспарға сәйкес өткізіледі. Аумақтық ұйымдастыру комитеттері: 1) іс-шаралар өткізілгенге дейін 3 күн қалғанда оған жергілікті БАҚ-та және әлеуметтік желілерде аңдатпа өткі­зе­ді; 2) пікірсайыстарды өткізу үшін ағымдағы күн тәртібін, кандидаттардың сөз сөйлеу тақырыбын білетін, аудито­риямен және қатысушылармен комму­ни­кация дағдылары бар модераторды ұсынады; 3) БАҚ өкілдері мен блогерлерді пікірсайысты жариялау үшін шақырады, пікірсайысқа іс-шараны жариялауға ниет білдірген өзге де журналистер мен блогерлерді жіберуді жүзеге асырады; 4) пікірсайысты қадағалау үшін аудиторияны қамтамасыз етеді; 5) әлеуметтік желілердегі партия филиалдарының аккаунттарында жария пікірсайыстарға онлайн-жариялау жүргізуді қамтамасыз етеді; 6) жария пікірсайысты өткізу кезінде қауіп­сіздік пен тәртіпті қамтамасыз етеді. 12.7. Ұйымдастыру комитеттерінің кандидаттардың жұмысын әлеуметтік желілерде жариялауы ақпараттық сипат­та болады, кандидаттың әрекеттері, сондай-ақ партия мүшелерінің таң­дауына әсер етуі мүмкін өзге де әре­кет­тері бағаланбайды. Әрбір канди­дат­тың қызметі тең көлемде жариялануы қажет.  

13. ДАУЫС БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ, ҚОРЫТЫНДЫЛАРДЫ АЙҚЫНДАУ

13.1.Дауыс беру учаскелерін қалып­тастыру және дайындау: 1) дауыс беру учаскелерін аумақтық ұйым­дастыру комитеттері бастауыш пар­тия ұйымдарының базасында қа­лып­­тастырады; 2) адам саны аз бастауыш партия ұйымдары саны бойынша кем дегенде 50 адамнан бірігіп, бір жерде дауыс беру үшін жиналады; 3) дауыс беру партия филиалдарының және бастауыш партия ұйымдарының ғимараттарында өткізіледі. Меншік иесінің жазбаша рұқ­саты бойынша кәсіпорындар мен ұйым­дардың үй-жайларында, Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасына сәй­кес шарт жасалған жағдайда ауыл клубта­рында, мәдениет үйлерінде дауыс беруге жол беріледі. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының үй-жайларында, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінде дауыс беруді өткі­зуге тыйым салынады. 13.2. Дауыс беруге арналған бюлле­тень­д­ерді дайындау және бөлу: 1) өңірлік ұйымдастыру комитеттері дауыс