ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта үш жаяу шеру есебі құрылды. Олардың екеуі десанттық–шабуылдаушы әскерлер бөлімшелерінің құрамынан, біреуі – Құрлық әскерлері Әскери институтының 3-курс курсанттары. 24 маусымдағы парадқа қандай есепте қатысатыны 8 маусымда өтетін соңғы дайындықта анықталады.
Дайындық карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, дезинфекциялық-санитарлық режим күшейтілді. Қазір күніне кемінде екі рет жеке құрамды медициналық тексеру, өңдеу, ылғалдандыру және желдету жүргізіледі. Парадқа қатысатын әскери қызметшілер қалған жеке құрамнан оқшауланған. Оларға бөгде адамдар мен туысқандарының баруы шектелген.